Ұят болу керек, сараңдық танытпай, бөлісу керек — Назарбаева
18 Февраля 2016
1895
Назарбаева,
СалықТөлеу,
Өзін-ӨзіЖұмыспенҚамтығанАзаматтар
Вице-премьер медициналық сақтандыру өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді деп санайды.
«Ресми түрде жұмыс жасап, салық төлейтін азаматтар секілді 2 млн 700 мың адам тегін медициналық көмек алады, олардың балалары тегін оқиды, енді бірінші мамандықтарын да тегін алатын болады, әлеуметтік қорғаудан үмітті, жасына байланысты зейнетақыдан үмітті, сөйте тұра ел бюджетіне, ортақ әмиянға бір тиын да төлемейді. Бұл әділетсіздік қой», — деді Д. Назарбаева.
Оның айтуынша, бұған дейін мемлекет бұларға көз жұмып келді. Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтушылар өздерін жұмыспен және жалақымен қамтып келді.
«Біз скандинавиялық елдер туралы айтқанды ұнаматамыз, ол жақта сондай күшті, ол жақта социализм деп, ал ол жақтағы салық төлеу деңгейі, сіздер қараңыздар, кірістің 60-70% құрайды. Бізде салық саясаты өте либералды. Сондықтан, ұяттарыңыз болса, сараңдық танытпай, бөлісіп, салық төлеп, тыныш ұйықтаңыздар дегім келеді», — деді үкімет басшысының орынбасары.
Ол республикамызда енгізіліп жатқан медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты, «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам енді медициналық сақтандыру полисін ала алмайтынын» еске салды.
«Бұл оларды бұл қызметтің барлығынан айыру үшін емес. Егер ол еш жерде жұмыс жасамаса жұмыспен қамту орталығына барсын, жұмыссыз ретінде тіркелсін, жәрдемақысын алсын, оны жұмыспен қамту орталығы өзі қалаған мамандығы бойынша оқуға жібереді, бюджет қаржысы есебінен, сосын жұмысқа орналастырады: ал сен жұмыс жаса да салығыңды төле. Сондықтан бұл жерде түсінбеушілік болмасын. Жүйе барынша нақты және әділ», — деп түйіндеді сөзін вице-премьер.
Үкімет басшысының сайтынан хабарлағандай, ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің базасында міндетті ай сайынғы жарна төлеу және медициналық қызметті сатып алу үшін медициналық сақтандыру әлеуметтік қоры құрылатын болады. Оның ұйымдастыру-құқықтық формасы – коммерциялық емес акционерлік қоғам. Қордың құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР үкіметі.
Жұмыс берушілер аударымы 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап түсе бастайды, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бектіілген пакеттер аясында қор медициналық қызметке төлем жасаушы рөлін атқарады.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінде еске алғандай, ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан 7%-ға сатылай өсетін болады.
Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.
Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.
Жұмыс берушілердің жарнасы корпоративтік табыс салығын есептегенде, қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарналары табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.
Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru С начала года из дома уходили и были возвращены родителям
ru В Алматинской области тушат пожар на свалке, алматинцы жалуются на
ru В Алматинской области активно продолжаются работы по уборке урожая
ru В регионах ведутся работы по подготовке к паводкоопасному периоду
ru Применять технологии ИИ для обеспечения безопасности на автодорогах намерены в
ru Глава государства поручил ускорить внедрение цифровых технологий в сельское хозяйство
ru Двух заблудившихся туристов спасли в ущелье Проходное близ Алматы
ru Из Турции экстрадирован бывший сотрудник правоохранительного органа
ru Где и по какой цене можно приобрести уголь в Астане
ru Почти 240 тыс. вакансий в августе разместили работодатели на Enbek.kz
ru Систему оценки студентов предлагают пересмотреть в МНВО
ru Глава государства поздравил казахских боксеров, завоевавших золотые медали на первенстве
ru В Астане усилена работа по ликвидации несанкционированных свалок
ru Осенняя дератизация Алматы охватит более 47 тыс. гектаров
ru В Казахстане заготовлено 28,9 млн тонн кормов
ru В Актюбинской области ведется реконструкция семи железнодорожных вокзалов
ru В Казахстане запущен пилотный проект по онлайн-оформлению нотариальных сделок купли-продажи
ru Глава государства принял Генерального прокурора Берика Асылова
ru Почти 9,5 млн тонн зерновых намолочено в Казахстане
ru В Казахстане 85% подростков удовлетворены жизнью
ru Полиция задержала подозреваемого в серии кибератак на счета казахстанцев в
ru Новые подходы к оценке эффективности работы госорганов разрабатываются в Казахстане
ru Школьница из области Абай создала робот-увлажнитель воздуха
ru Полиция пресекла канал доставки психотропных веществ в Алматы
ru Аким Алматы потребовал завершить разрытия и усилить контроль за качеством
ru Казахстан и Пакистан готовы увеличить взаимную торговлю до 1 млрд
ru Бесплатные курсы казахского и английского языков открыли в Караганде
ru В МИД Казахстана обсудили перспективы углубления стратегического партнёрства с Францией
ru Трудовые права казахстанцев в Катаре будут защищены
ru Касым-Жомарт Токаев и Президент Конго Феликс Чисекеди провели переговоры