Түркістан облысында ет өнімдеріне сұраныс төмендеді
09 Сентября 2020
1153
Экономика,
Бизнес
Алматы. 9 қыркүйек. Ақпараттар орталығы -Карантин кезінде Түркістан облысында ет өнімдеріне деген сұраныс төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өткен жылғымен салыстырғанда сатып алу мен өндіру бір жарым есеге азайған. Ал бұдан фермерлер мен ет өнімін терең өңдеушілер зардап шегуде. Сұраныс неге төмендеп кетті? Бұл Сайрам ауданында орналасқан шағын ғана шұжық шығаратын цех. Мұнда күніне 800 келіге дейін шұжық өнімдері шығарылады. Дайын өнімнің көпшілігі Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы сауда сөрелеріне жөнелтіледі. Карантин басталғалы сұраныс күрт төмендеп кеткен. Цех басшысы Ақылбек Шалқаров былтыр цехтың жанынан үлкен ғимарат салған. Несие алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлапты. Алайда табысының азайып кетуіне байланысты ол ойын әзірге іске асыруға жүрексініп отыр.
Ақылбек Шалқаров, кәсіпкер:
– Күніне 5 тонна өндіруге болады. Ол үшін құрылғы алуымыз керек. Жылда несие алып, аппарат алмасақ ол қымбат. Жылда шетінен жаңартып отырмыз. Жылдан жылға қосылып келе жатыр. Енді мына үлкен жаңа цехты қоссақ, көптеу шығарамыз деп жатырмыз. Тәулік бойы істей алмаймыз, қазір сұраныс коронавирусқа байланысты төмендеп кетті бұрынғыдан.
Жандос Жұмабек, тілші:
– Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары да қазір етке деген сұраныстың азайғанын айтып отыр. Өйткені етті ең көп сатып алатын тұтынушылар мейрамханалар. Ал карантинге байланысты әзірге ешбір мейрамхана жұмыс істеймейді. Сондықтан ішкі нарықта да ет пен ет өнімдерін өткізу бас қатыратын мәселеге айналып отыр.
Рысбек Қыдырәлі, мейрамхана иесі:
– Бізде той деген күнде болатын. Әсіресе күз кезінде жиын-терімнен кейін. Күнде 300 кг ет аламыз. Оны 30-ға көбейтіңіз. 9-10 тонна ет алатынбыз. Барлығы кәсіпкер, мысалы ет сататын адам да, сусын сататын адам да, жеміс-жидек сататын адам да кәсіпкер. Олардың да заттары өтпей қалды. Бір ғана Түркістан қаласының өзінде елуге жуық тойхана барын ескерсек, тек солардың өзі айына 500 тонна ет сатып алып отырған. Сондықтан қазір ішкі нарықта ет өнімін өткізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Ербұлан Жәнібеков, облыстық ауыр шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
– Ішкі нарықта былтырғымен салыстырғанда өте төмен болып тұр. Өйткені пандемияға байланысты етке де сұраныс төмендеді. Оның үстіне экспортты да жапты. Екі жақтан да шаруаларға ауыр тиюде. Сол үшін біз ет экспортын ашуды сұрап ұсыныс білдірдік. Ет өткізуде қиындықтар туындауда деп. Екінші мәселе – Қытайға шығаруды қарастырып жатыр қазір мемлекет тарапы. Біз екі мал сою орнын ұсынып отырмыз. Қазір өндірген етіміз тек көрші облыстарға, Алматы облысы мен Өзбекстанға экспорталып жатыр. Бүгінге дейін Түркістан облысында 121 мың тонна ет өндірілген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен шамалас. Өзбекстанға төрт жарым мың тонна сиыр, 244 тонна қой еті экспортталған.ru В Астане более 17 тысяч пенсионеров ведут активный образ жизни
ru Казахстан и КНР согласовали переход к безлимитной системе выдачи разрешений
ru Казахстан в партнерстве с Perplexity AI расширит доступ к ИИ
ru Дисциплину учащихся в столичной школе контролирует искусственный интеллект
ru В Арыси интенсивно ведется строительство электровозного завода
ru Глава государства принял участие в саммите «Центральная Азия – США»
ru С начала года библиотеки Казахстана посетили 37 миллионов человек
ru Крупная китайская компания заинтересовалась строительными проектами в Алматы
ru Более 110 тысяч детей обратились за помощью в контакт-центр «111»
ru В Алматы ликвидирована сеть незаконных онлайн-казино
ru В Алматы откроют совместную лабораторию робототехнических технологий
ru Более тысячи единиц спецтехники задействованы в снегоуборочных работах в Астане
ru В Усть-Каменогорске завершается очередной этап модернизации ТЭЦ
ru В Казахстане ужесточено наказание за похищение невест
ru Полиция усиливает контроль за движением большегрузов в Алматы
ru В Казахстане отмечается снижение цен на ряд лекарственных средств
ru Глава государства принял учредителя группы компаний Qazaq Stroy Нурлана Артыкбаева
ru Глава государства принял Премьер-министра Беларуси Александра Турчина
ru Комиссиями по делам несовершеннолетних рассмотрено свыше 7 тысяч дел с
ru В Актобе открыт первый в стране завод по производству пожарных
ru Казахстан и Китай укрепляют сотрудничество в сфере статистики по обследованию
ru Полицейские вернули пенсионеру 39 млн тенге, похищенные мошенниками
ru В Астане пройдет Astana Media Week 2025
ru Открыто прямое авиасообщение между Астаной и Белградом
ru Кражу на футбольном поле раскрыли в Астане
ru Более 4,3 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в
ru В Кызылорде построят новый агрокластер и тепличный комплекс
ru 98 фактов незаконного вмешательство в бизнес зафиксировала прокуратура за 9
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Алжира

+77772555856
Написать нам




