• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 25 қаңтар. Ақпараттар орталығы Түркістан облысында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, азаматтардың қоғамдық орындар жүріп-тұруына байланысты және әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс кестесіне қатысты тәртіп нормалары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтардың 15-нен бастап, жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, үй жанындағы дүкендерге сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Ал, мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр. Сонымен қатар, алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі демалыс күндері мен мереке күндері жұмысын тоқтатады. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Онда да санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталу керек. Ал, сауда саласындағы объектілердің, оның ішінде пісірілген өнімдерді, фаст-фудты, балмұздақты, сусындарды өткізу дүңгіршектері қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылды.

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі (1 келушіге 4 ш.м. дейін, алдын ала жазылу бойынша, жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Моншалар мен сауналардың қызметі 50 пайыздан аспайтын сыйымдылықта сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметі 15 адамнан артық емес жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары 30 пайыздан аспайтын сыйымдылықпен, әрбір жанға 5 шаршы метр аумақтан кем емес, алдын ала жазылу журналы арқылы жұмыс істейді. Мұндай нысандар да демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.



Источник: ҚазАқпарат

ru Поручено ускорить работу по возврату неиспользуемых земель в Талгарском районе

ru МВД предупреждает граждан о схемах наркобизнеса с участием дропперов

ru Рисунок восьмилетней карагандинки признали лучшим на Международном фестивале детского творчества

ru Глава государства: «Важно уберечь подрастающее поколение от социальных пороков»

ru Не допускать проявления буллинга, жестокости и агрессии в школе призвал

ru Президент предложил внести поправки в Закон «О статусе педагога» для

ru В Алматы в связи с ремонтом на время перекроют участок

ru Преступные группы скотокрадов задержаны в трех регионах страны

ru В Казахстане появилось первое Управление по защите прав детей

ru Определены сроки начала и окончания учебного года

ru Президент принял представителя Уполномоченного по правам человека по городу Астане

ru Глава государства поздравил Премьер-министра Пакистана Шахбаза Шарифа

ru Под председательством Токаева состоялось заседание Совбеза по вопросам противодействия наркотизму

ru Президент поручил усилить работу по профилактике наркомании

ru Двухэтажное здание сносят в центре Алматы

ru О запуске услуг спутникового интернета Starlink сообщило МЦРИАП

ru Что делать при блокировке банковского счета рассказали в АРРФР

ru Тонна плова и выпечки на продажу: ярмарка продукции из Таджикистана

ru 103 кг марихуаны — улов полиции в области Улытау

ru Сегодня день Каспийского моря

ru В Казахстане в скором времени все председатели ОСИ будут обязаны

ru Полиция обеспечила безопасность на концерте Дженнифер Лопес в Алматы

ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 28,4 тыс.

ru В Алматы обсудили развитие международных автоперевозок

kz Қонаевтағы жаңа орталықтағы өмірдің алғашқы 20 күні

ru Туристов берут под контроль прямо в аэропорту столицы

ru Сотрудники МЧС при пожаре эвакуировали и спасли более 25 человек

ru Глава государства принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным

ru Токаев принял Уполномоченного по защите прав предпринимателей