• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Тоқаев елдің жаңа әскери тұжырымдамасын бекітті

Фото:malim.kz

Алматы. 27 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Президент – Жоғарғы бас қолбасшы қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құрудың және дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Aiqyn Akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қорғаныс министрлігі тұжырымдама жобасын Мемлекет басшысының 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірледі. Бұл құжатты дайындауға ұзақмерзімді перспективадағы дамуға қатысты болжамдарды ескере отырып, қазіргі әскери-саяси ахуал мен шет мемлекеттердегі әскери құрылыстың үрдістері негіз болды», – делінген ақпаратта.

Қауіпсіздік кеңесінің аппараты тұжырымдама жобасын жан-жақты пысықтағаннан кейін, құжат биыл мамырда кеңес отырысында мақұлданды.

Тұжырымдамада әскери қауіпсіздік органдарын 2030 жылға дейін қалыптастырудың және дамытудың негізгі принциптері мен ұстанымдары қамтылған. Бұл құжат аясында атқарылатын іс-шаралар мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге, соның ішінде дағдарыс жағдайындағы әрекет ету  мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Қазақстан тарихында алғаш рет әуе-ғарыштық және зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесінің элементтерін қалыптастыру жоспарланып отыр.

Елдің орасан зор аумағын және шекаралардың ұзақтығын ескере отырып, әскери-көлік авиациясының күштері мен құралдарын жетілдіру арқылы әскерлердің мобильділігін арттыру шаралары қарастырылған.

Сондай-ақ, арнайы операцияларды орындайтын күштерді дамытуға баса мән берілген.

Қоғамның барлық саласын цифрландыру шеңберінде Қарулы күштердің кибер және ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттер жөніндегі әлеуеті күшейтіледі.

«Қос мақсаттағы», яғни соғыс және бейбіт уақытта, соның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қолданылатын компоненттерді дамыту жоспарланған. Ең алдымен, мұндай құрамдарға әскери медицина, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері, инженерлік әскерлер, әскери-көліктік авиация жатқызылды.

«Жауынгерлік әзірлікті арттыру, әскери бөлімдердің оңтайлы орналасуын, әскери инфрақұрылымның қалыптасуын, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті инфрақұрылымы бар кешенді әскери базаларды құруға біртіндеп көшу жоспарлануда.

Сондай-ақ, әскери білім беру, мансаптық өсу, әскери қызметшілерді моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайту, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру шараларын жүзеге асыру көзделген.

Қарулы Күштерді жарақтандырудың негізгі бағыттары белгіленген. Бұл отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені тарапынан қамтамасыз етілетін болады және кәсіпорындардың өндірісті барынша  тиімді жоспарлауына мүмкіндік береді», – деп жазылған Ақорда сайтында.

Бұл тұжырымдаманы іске асыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін және әскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы даярлығын  арттыруға және бейбіт уақыттағы міндеттерді тиімді орындауға бағытталған.

Қазіргі әскери қақтығыстарды ескере отырып, жаңа тұжырымдамада көзделген тәсілдерге сәйкес, биыл 6-23 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағында «Отпантау-2021» кешенді әскери оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қатерлер кезіндегі Қарулы күштердің командалық-басқару органдары мен әскери бөлімдерінің, шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы тексерілді.

Алты облыста соғыс жағдайы енгізілген кездердегі облыстардың қорғаныс кеңестерінің жұмысты ұйымдастыруы тексерілді.

Жеті оқу-жаттығу полигонында әскерлер соғыстың жаңа формалары мен әдістерін, құрлықта және әуедегі жауға қарсы тұру мәселелерін пысықтады, сонымен қатар Каспий теңізінің су айдынында десантқа қарсы жаттығу операциясын жүргізді.

Жаңадан алынған қару-жарақ пен әскери техниканың, соның ішінде Су-30СМ ұшақтары, Ми-35 тікұшақтары, жаңа ұшқышсыз ұшу аппараттары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиоэлектронды күрес жүйелерінің жауынгерлік қасиеттері сыналды.


Источник: Aiqyn

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области

ru Филиал ОАО «РЖД» привлечён к ответственности за монопольно высокие цены

ru Полиция изъяла более 43 кг марихуаны в Жамбылской области

ru Министр обороны проинспектировал военные объекты в Кызылординской области

ru Более 595 тыс. услуг получили лица с инвалидностью через Портал

ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 2 000 единиц

ru Поставщики поливной воды, нарушившие права потребителей, оштрафованы на 17,8 млн