• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Тілсіз жау

Фото:КазТрансГаз Аймак

Алматы. 25  қараша. Ақпараттар орталығы - 23 қараша күні Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылында тұншықтырғыш газбен уланған 17 жастағы бойжеткен көз жұмды, деп хабарлайды «КазТрансГаз Аймак».

Қайғылы жағдайдан кейін оқиға орнына шақырылған газ компаниясының қызметкерлері тексеру кезінде газ құрылғыларын орнату талаптары өрескел бұзылғанын анықтады. Жуынатын бөлмеде   газ су жылытқышы орнатылған, мұржасы түтін тартпайды.

Мұндай оқиғалар оңтүстік өңірде, әсіресе суық түскен кезде жиі қайталанып тұрады.

Жыл басынан бері Шымкентте газдың ауаға тарауынан 9 төтенше жағдай болып, 10 адам көз жұмды. Ал еліміз бойынша тұншықтырғыш газбен уланудың 28 дерегі тіркеліп, 36 адам қайтыс болды.

Адам өлімімімен аяқталатын оқиғалар көп жағдайда газ құрылғыларын,  оның ішінде газ су жылытқыштарын заңсыз орнатқаннан болады. 

Газ су жылытқышының артықшылықтары бар, әрине. Бұл әсіресе жаз бойы ыстық сусыз отыратын шағын аудандардың тұрғындарына тиімді. Алайда мұндай газ су жылытқыштарының зияны да көп:

- жарылыс және өрт қауіптілігі;

- оған бөлек мұржа қажет және үнемі желдетіп тұру керек;

- түтін тарту күші өте жақсы болуы керек, олай болмаған жағдайда уланып қалу қаупі жоғары;

- судың және газдың қысымы тиісті деңгейде болуы шарт.

Газ плитасы сияқты жабдықтар орнатылған кейбір үйлерде (11 қабаттан жоғары) мұндай газ су жылытқыштарын қоюға рұқсат берілмеуі мүмкін. 

Ал жуынатын бөлмеде газ су жылытқыштарын орнатуға мүлдем тыйым салынған, оларды орнатуға ешбір бақылаушы орган рұқсат бермейді, себебі бұл тұрғындар үшін аса қауіпті.

Осы қарапайым ережелерді бұлжытпай орындау керек. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қараңыз!

Источник: КазТрансГаз Аймак

ru Холдинг «Байтерек» трансформируется в инвестиционный

ru В Казахстане завершается сбор урожая

ru В Алматы подвели итоги ОПМ "Правопорядок"

ru Заключительная сельскохозяйственная ярмарка будет проходить один день 25 октября в

ru Парк Президента в Кызылорде обретет новый облик

ru Президент выступил на торжественном мероприятии по случаю Дня Республики

ru Казахстан и Беларусь обсудили перспективы сотрудничества в аграрной сфере

ru В Казахстане за три года вдвое увеличилась заработная плата работников

ru В Семее открылся лесной питомник

ru В Казахстане утвердили национальные стандарты по искусственному интеллекту

ru Концерты в День Республики пройдут в каждом районе Астаны

ru В Астане наградили 20 образцовых семей Казахстана

ru В Казахстане снижается численность разводов

ru Назначен новый руководитель ДГД по городу Астана

ru Подготовка к паводковому периоду продолжается в регионах Казахстана

ru «Павлодарэнерго» обновляет инфраструктуру региона

ru В Жамбылской области в госсобственность возвращено более 5000 га сельхозземель

ru Президент Финляндии посетит Казахстан 28-29 октября

ru 637 километров обновлённых дорог: в Карагандинской области завершается сезон дорожных

ru Уровень производственного травматизма в Казахстане снизился на 3,4%

ru Более 5,3 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата с начала

ru «Алтын күз – 2025»: В Кызылорде прошла республиканская байга

ru Свыше 95% казахстанцев считают межэтнические отношения в стране благополучными

ru Прокуратурой столицы пресечены незаконные действия госорганов против инвесторов

ru В Алматинской области развивается производство по переработке плодоовощной продукции

ru Более 26 тыс. человек получили дополнительную поддержку с применением скоринговой

ru 2,3 тыс. человек подтвердили свои квалификации в специальных центрах

ru Серик Жумангарин посетил Нью-Йоркскую фондовую биржу

ru В Вооруженных силах проходит итоговая проверка боевой готовности

ru Магжан Ильясов назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом РК в США