АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете
В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в многоэтажке
Погодные условия на республиканских автодорогах
Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие
АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных медклиник
Таза суды аңсаған көкшетаулықтар
16 Февраля 2021
968
Социум
Алматы. 16 ақпан. Ақпараттар орталығы -Таза суға көкшетаулықтар тек 2024 жылы жетуі мүмкін. Ал оған дейін крандағы кір суын ішуге пайдалана алмай отырған қала жұрты суды сатып ішуге мәжбүр. Су мәселесінің үш жылдан кейін ғана шешілетінін облыс әкімі Ермек Маржықпаев есептік кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Aiqyn.
Құбырлардың жартысынан астамының тозығы жетіп, су тазарту стансаларының қуаты жетпейтінін өңір басшысы мойындады. Су құбырлары мен желілерін жөндеу және жаңарту сонау 2009 жылы қолға алынған. Бірақ арты сиырқұйымшақтанып, соңында суды тазарту стансасының құрылысы аяқталмаған еді. 2013 жылы жоба мүлде тоқтап, сол күйі су аяғы құрдымда қалып қойған. Қазір қала жұртшылығының қолы жеткендері үйлеріне суға сүзгі орнатса, ал бірқатары суды қаланың әр жерінде орнатылған сүзгі аппаратынан немесе дүкендерден сатып алуға мәжбүр. Ал негізгі бөлігі колонкалар мен кезектен арылмайтын «Бармашино» бұлағын жағалайды.
Тозығы жеткен су құбырларын жаңарту тек 2018 жылдан бастап қолға алынған. Жобаға түзетулер енгізіліп, қомақты қаражат бөлінді. Ал өткен жылы және биыл жалпы сомасы бір млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы шығындалған. Бірақ суды тазартып, сапалы етуге біршама уақыт кетпек. Әкім осылай дейді. «2024 жыл – бұл енді шекті мерзім. Мәселе шешілуі тиіс. Әзірлікті бастап жібердік. Іргетасын қалап жатырмыз», – деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.
Естеріңізге сала кетсек, Көкшетаудағы су құбырларына жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Олардың көпшілігі шіріп, таттанып кеткен. Осы уақыт ішінде құбырлар бірде-бір мәрте ауыстырылып жаңартылмапты. Тек су құбырларының сүзгіштері ауыстырылған. Қала пәтерлерінің крандарынан ішуге жарамсыз сарғыш су ағады. Оны техникалық мақсатта ғана пайдалануға жарамды.
Әкім үш жылдан кейін көкшеліктер таза су ішетініне сендірді. Енді көкшеліктер үш жылдан кейін сапалы судан ауыз тимек. Оны да күтейік…
ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции
ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете
ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в
ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000
ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в
ru Погодные условия на республиканских автодорогах
ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие
ru В Сарани готовят к запуску новые заводы
ru Глава государства подписал новый Закон о банках
ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»
ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья
ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР
ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для
ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры
ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных
ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию
ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг
ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на
ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку
ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в
ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев
ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит
ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы
ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане
ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в
ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО
ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены
ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог
ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

+77772555856
Написать нам




