Тараздық өнертапқыш коронавирусқа қарсы машина ойлап тапты
30 Ноября 2020
1370
Технологии
Фото:Хабар 24
Алматы. 30 қараша. Ақпараттар орталығы - Таразда өрт сөндіру машинасын ойлап тапқан 75 жастағы өнертапқыш жобасын жүзеге асыра алмай жүр, деп хабарлайды Хабар 24.
Қария отты жеті түрлі жолмен өшіретін әмбебап машинаны теория жүзінде дәлелдеп шығып, жаңалығын патенттеп қойған. Алайда оның жобасына 20 жылдан бері ешкім мән бермей келеді. Егер жұмысы жүзеге асатын болса, коронавирусқа қарсы күреске де пайдалануға болатын көрінеді. Марат Аюбаев 30-ға тарта түрлі жаңалық ашып, барлығын патенттеп алған. Соның ең негізгісі әрі бірегейі – өрт сөндіру көлігі. Ерекшелігі: жалынды бірнеше компонентпен өшіре алады. Өнертапқыштың айтуынша, жоба жүзеге асса, нағыз техникалық төңкеріс болмақ. Өндіріске енгізілген жағдайда сусыз аймақта 2 тәулікке дейін тоқтаусыз жұмыс істей алатын өрт сөндіру көлігін жасап шығаруға болады.
Марат Аюбаев, өнертапқыш:
– Физика заңында бір көлемді судан бес мың көлем бу алуға болады. Бұл өте тиімді. Бұл машина бір толықтырумен 50 сағаттай жұмыс істейді. Жеті түрлі тәсілмен өртті өшіреді.
Өнертапқыштың бұдан өзге өртке қарсы 4 жобасы бар. Оның бірі – өрт түнде бола қалған жағдайда ұйқыда жатқан адамдарды оятатын құрылғы. Сонымен қатар биік ғимарат, таулы аймақтар мен жанармай қоймаларындағы өртті сөндіретін тәсілдерді де ойлап тапқан. Машинаны пандемия кезінде шекаралық бекеттерге орнатып, коронавирусқа қарсы пайдалануға болады деп отыр.
Марат Аюбаев, өнертапқыш: – Көп құрылғы адамның тек температурасын өлшейді. Температура жоқ болса, әрі өткізе береді. Ал заттарын, киімдерін ешқайсысы тексеріп жатқан жоқ. Микробтың бәрі заттарда. Ал мына құрылғыны қоятын болсақ, барлық заттағы микробты будың қысымымен екі-үш минут ішінде жойып тастайды.
Бірақ бұл әзірге қағаз жүзінде ғана тұр. Тың туындысын әлі патенттемеген соң, идеясын толық ашып айтпады. Құрылғыны жасап, іске асыру үшін қомақты қаржы қажет. Өнертапқыш жобасын ұсынып, біраз табалдырықты тоздырған. Алайда ақсақалдың жаңалықтарына тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келеді.
Марат Аюбаев, өнертапқыш: – Коронавирусқа қатысты мен патент
алған жоқпын. Әдейі алған жоқпын. Өйткені 30 жаңалығым шаң болып жатыр. 31-інші
жаңалығым миллиардтаған адамның өмірін құтқарып қалады. Оның бәрі шаң болып
жатса, маған керегі не? Сол үшін осыны іске асыратын кісіге осы жаңалығымды
ұсынамын. Нені қалай істеу керек екендігін айтып беремін, көмектесемін.
ru В 2026 году в Казахстане на воинскую службу призовут более
ru Карагандинская область – четвёртая по вкладу в экономику Казахстана
ru В области Ұлытау раскрыта схема незаконной добычи марганцевой руды на
ru На вокзалах внедрена новая услуга сопровождения пассажиров с инвалидностью
ru В Исламабаде начался бизнес форум «Казахстан-Пакистан»
ru Сотрудники МЧС спасли лошадь, упавшую в колодец
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

+77772555856
Написать нам




