Талғарлықтар өзен бойын қазбалау жұмыстарын доғаруды талап етті
01 Октября 2021
1555
Социум
Фото:Хабар 24
Алматы. 1 қазан. Ақпараттар орталығы - Талғар қаласының тұрғындары шаңға тұншығып, түн ұйқымыз төрт бөлінеді деп шу көтерді, деп хабарлайды Хабар 24.
Дау қаланы қақ жарып тұрған өзен бойындағы қазба жұмыстарынан шықты. Жергілікті халық карьер жұмысын тоқтатуды талап етеді. Өйткені «өзен жағалауы тереңдеп, жақын маңдағы үйлер су астында қала ма» деп қауіптенеді. Тау етегінде орналасқан Талғардың табиғатына тамсанатындар көп. Бірақ жергілікті тұрғындар таза ауа жұтып жүргеніміз шамалы дейді. Әсіресе өзен бойында тұратын халық шаң жұтқанымыз аздай, тарсылдаған дауыстан да әбден мезі болдық дейді. Сонау 2000 жылдардың басынан бері Талғар өзені аңғарынан қиыршық тас, құм және балшық сазды қазу жұмыстары әлі де тоқтар емес. Жағалаудың тереңдеп кеткені соншалық су құбырлары жер бетіне шығып қалған. Нәтижесінде осы жазда көптеген үй ауыз сусыз қалған.
Айман Жарылқасымова, Талғар қаласының тұрғыны: - Бұл карьердің зардабын осы маңдағы үйлер ғана емес, бүкіл қала тұрғындары тартып отыр. Мысалы, 2015 жылы үлкен көшкін болды. Сол кезде жағалаудың бәрін шайып кетті. Сусыз отырдық. Құбырларға зақым келген соң судың қысымы да төмендеп кетті. Ал оны қалпына келтіру үшін әкімдіктен қыруар қаржы бөлініпті. Олар қанша жасағанымен жауын болғанда бәрібір ағызып кетеді.
Біләл Рүстемов, Талғар қаласының тұрғыны: - 27 жылдан бері осы Ломоносованың бойында тұрамын. Біз келген жылдары осы Талгарканың тереңдігі 20 метрдей болған. Қазір одан бері уже 40 метрден төмен түсіп кетті. Жолдың бергі шетінде кәдімгідей балалар ойнайтын футбольный площадка болған. Бәрін су алып кетті. Биыл қайта құрғақ болып жауын жауған жоқ. Әйтпесе жауын жауған сайын 2-3 метрден құлайды жар.
Қазу жұмыстары түн ортасына дейін жалғасып, кейде ұйықтау мүмкін емес екен. Дәл қазіргі таңда өзен жағалауында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жалғыз зауыт бар десек, сол «Береке Тас» ЖШС-нің басшысымен де тілдесіп қайттық.
Қайыр Мейірбеков, «Береке Тас» ЖШС директоры: - Ондай жағдайлар анда-санда болады. Өйткені мына жерде енді бізде темірмен тас үгіту деген оңай емес. Кей кезде сынып қалады. Мына жерде тұрып қалған адамдар болады. Олар көліктерін қойып қояды да алып кете алмай тосып қалады. Сосын солардың өтініші бойынша жөнделген кезде ары қарай жасап соларды жіберіп береміз. Біз заң аясында жұмыс істеп жатырмыз, дейді зауыт басшысы.
Мұнда әкімшіліктен бастап, барлық жауапты саланың мамандары келіп жаз айында бір емес, екі рет тексеру жұмыстарын жүргізген. Келісім-шарт бойынша енді үш жылдан кейін ғана қазу жұмыстарын тоқтатамыз дейді.
Ермек Толқынов, Талғар ауданы әкімінің орынбасары: - Талғар қаласындағы Талғар өзенінің бойында екі көпір жоғарғы және төменгі көпір деп аталады. Сол екі көпірдің арасында екі карьер өз жұмысын жүргізген. Олар Алтын дала ЖШС ол бүгінгі таңда жабылып өзінің жұмысын тоқтатты. Екінші «Береке тас» ЖШС. Ол жерде осы уақытқа дейін шаңға, тозаңға тексеру жұмыстары жүргізілген. Нормаларынан ауытқу болмаған. Сосын дыбысқа, шуға да бірқатар жұмыстар жүргізілген. Ол жерде де нормадан асу анықталмаған.
«Қазгидроспас» мамандарының айтуынша, болашақта құбырлар
жаңартылып, диаметрі 426 миллиметр болатын қосымша құбырларды өткіземіз. Сол
кезде су тапшылығы болмайды деп отыр. Ал тұрғындардың талабы қазу жұмыстарын
тезірек тоқтатып, жергілікті билік халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе
дейді.
ru В Алматы увеличится количество ярмарок выходного дня
ru В Казахстане второй год тестируют тросовые ограждения для повышения безопасности
ru Активы организаторов интернет-казино 1Win конфискованы в доход государства
ru Полиция изъяла из оборота свыше полутонны наркотиков в Алматы
ru В Таразе на складе чуть не сгорели 10 тонн лука
ru Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Ирана
ru Двух мужчин арестовали в Шымкенте за навязчивое преследование женщин
ru Глава МИД Казахстана принял Посла Турции
ru В Караганде пройдёт выставка картин, которые можно увидеть в темноте
ru Более 56,5 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru О повышении зарплат и снижении финансовой нагрузки для граждан доложил
ru Олжас Бектенов доложил Президенту о реализации поручений по укреплению экономики
ru Весенний призыв: мифы и правда
ru Министр обороны Казахстана встретился с Послом Китая
ru Электросамокаты признаются транспортом: предстоящие изменения были обсуждены в Алматы
ru В Караганде отметят Международный день дарения книг
ru Более 138 тыс. человек оказана адресная социальная помощь на 1
ru По направлению «Астана – Талдыкорган» запускается новый железнодорожный маршрут
ru Назначен зав.отделом внутренней политики Администрации президента
ru КНБ и МВД пресекли деятельность ОПГ в 8 регионах страны
ru ИИ и дроны используют для обследования энергообъектов в Казахстане
ru Работы по очистке около 110 км русел рек проводятся в
ru Казахстан произвел 889 тыс. тонн растительного масла в 2025 году
ru В Астане учащиеся 0-9 классов второй смены обучаются дистанционно
ru Группа лиц осуждена за незаконное снятие ареста с имущества
ru Казахстан и Пакистан расширяют сотрудничество в сфере цифровых технологий и
ru Более 30 тысяч кубометров снега вывезли из Астаны за ночь
ru В рамках AI-Sana запущен ИИ-агент для профориентации школьников
ru АФМ завершило расследование дела блогеров Жанабылова и Толегеновой
ru В прошлом году в Туркестанской области высажено более 1 млн

+77772555856
Написать нам




