Спортта қазақстандық әскерилер британдықтар мен америкалықтардан басым түсті
20 Апреля 2016
1869
Спорт,
қазақтар,
әскерилер,
британдықтар,
америкалықтар
Алматы. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстандық әскери қызметшілер «Дала қыраны-2016» оқу-жаттығуындағы спорттық сайыстарда үздік атанды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қзыметі.
Хабарланғандай, «Іле» оқу-жаттығу полигонының базасында «Дала қыраны-2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі шеңберінде армрестлинг, арқан тарту, волейбол және 4х400 метрлік эстафета бойынша спорттық іс-шаралар өтті.
Спорттық жарысқа Қазақстан, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 78-ден аса өкілі қатысты.
«Оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілер атқарып отырған жұмысында қаншалықты кәсіби екенін көрдім. Далалық жағдайларда оқу-жаттығуға қатысушылар арасында ешқандай айырмашылық байқалған емес, тілдік ерекшеліктерімізге қарамастан, барлығымыз бір команда сияқты жұмыс жасадық», - деп АҚШ ҚК-нің әскери қызметшісі Дэвид Далтон атап өтті.
Спорттық сайыстардың қорытындысы бойынша Қазақстанның әскери қызметшілері үздік атанды, ІІ орынды Ұлыбританияның әскерилері, ІІІ орынды Америка Құрама Штаттары иеленді.
«Мен Қазақстанда бірінші рет болып тұрмын және елдеріңіздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен алғаш рет өзара әрекет жасап жатырмын. Мен қазақстандық әріптестерімнің дене даярлығына таң қалып отырмын. Олар дода барысында бізден асып түсті және жалпы командалық есепте еңбектеріне лайықты бірінші орынды қанжығалады», - деді Ұлыбритания әуе әскерлерінің бірінші батальон сержанты Уилльям Томас.
Аталып өткендей, Қазақстанда «Дала қыраны-2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының алғашқы кезеңі өтіп жатқанын айта кетейік. Іс-шараға Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Қарулы Күштерінің 60-тан аса өкілі қатысады. «Дала қыраны-2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбританияның аумағында өткізу жоспарлануда. Онда қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының 250-дей әскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери-көліктік авиациясы тартылатын болады.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




