• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Сенатор ГМО өнімдеріне тосқауыл қоюға қатысты ұсыныстар айтты

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 28 қаңтар. Ақпараттар орталығы  -  Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Палатаның жалпы отырысында өсімдіктер карантині бойынша отандық зертханалардың жұмысы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өз сөзінде жақында қауіпті вирус табылды деген себеппен қазақстандық томат пен бұрыш өнімдерін Ресейге кіргізуге тыйым салынғанына назар аударып, бұған зертханалардың аталған бағыттағы мардымсыз жұмысы да себеп болғанын жеткізді.

«Мұндай сауда соғысында тауардың сапасын ғылыми тұрғыдан растау басты дәлел болып саналады. Ал біздің зертханалық базамыздың жағдайы ешқандай сын көтермейді. Он жыл бойы біз өсімдіктер карантині бойынша зертхананы жөнді ұйымдастыра алмай келеміз. Не заманауи база, не зерттеудің қазіргі әдістерін меңгерген кәсіби мамандар жоқ», - деді А. Күрішбаев.

Осы ретте депутат бұл жұмысқа жауапты лауазымды тұлғаларға өз кеңесін берді.

«Мәскеуге барып, Бүкілресейлік өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институтының қалай жұмыс істейтінін көрсеңіздер, біздің қаншалықты артта қалғанымызды түсінер едіңіздер», – деді сенатор.

Депутаттың айтуынша, елімізде гендік модификацияланған организмдер (ГМО) өнімдерін зерттеу жүйесіндегі жағдай да осындай. Сондықтан Қазақстанға гендік модификацияланған тамақ өнімдерінің және тұқымдық материалының кіру қаупі өте жоғары.

«Бұл мәселелердің экономикамыз және азаматтарымыздың денсаулығы үшін аса маңызды екенін ескеріп, сараптамалық қызмет көрсететін барлық зертханаларға ревизия жүргізген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, оларды заманауи деңгейде кадрлық, техникалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, еліміздегі сараптама жүргізетін мекемелерді жаңғыртуға қатысты тиісті шаралар қабылдау қажет деп санаймын», – деді Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области