Взносы в систему ОСМС за безработных будут отчислять из местного бюджета
В какие сроки пройдут школьные выпускные экзамены
Гумар Сергазин назначен зам.председателя Агентства по атомной энергии
301 беженец получил убежище в Казахстане
МНВО изменило ряд приказов по вопросам обучения и стажировки по международной стипендии «Болашак»
Сенат төрағасы: Жаһандану дәуіріндегі негізгі мақсаттардың бірі – ұлттық бірегейлігімізді сақтау
30 Марта 2021
1017
Социум

Алматы. 30 наурыз. Ақпараттар орталығы - Сенатта «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті, деп хабарлайды Хабар 24.
Сенат төрағасы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселесіне Мемлекет басшысы баса мән беріп отырғанын және Президентіміз өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы тақырыпқа тоқталғанын айтты.
Мәулен Әшімбаев жаһандану жағдайында өзімізге пайдалы әлемдік үрдістерді төл мазмұнмен байыту керектігіне, бұл ретте «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренудің» маңызы зор екеніне назар аударды. Сондай-ақ, ол жаһандану өзіміздің жақсы тұстарымызды әлемге танытуға зор мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
«Жаһандану процесіне түрлі үрдістерге ілесу ғана емес, өзіміздің озық қасиеттерімізді және жетістіктерімізді әлемге таныту мүмкіндігі деп қарауымыз керек. Халқымыз ғасырлар бойы өзінің қайталанбас мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін қалыптастырды. Біз оларды сақтап қана қоймай, әлемдік мәдениеттің үздік үлгілеріне айналдыруымыз керек. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да осындай идеяларға табан тірейді», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы ұлттық құндылықтардың аясы кең екенін, қастерлі тәуелсіздік пен қасиетті жеріміз солардың ең бастысы саналатынын да тілге тиек етті. Тіліміз, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз қайталанбас ерекшеліктеріміз екенін айтқан Мәулен Әшімбаев адами құндылықтарға, хакім Абайдың өсиетіне кеңірек тоқталды. Соның ішінде ақынның «Толық адам» тұжырымдамасындағы нұрлы ақыл, жылы жүрек және ыстық қайратқа табан тірей отырып, қоғамда дұрыс құндылықтар қалыптастырудың маңызы зор екенін айтты. «Толық адам» туралы Президентіміз «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтқаны белгілі. Шын мәнінде, біз нұрлы ақыл аясында қоғамда білім культін қалыптастыруымыз қажет. Соның ішінде өмір бойы білім алу дағдысын негізгі қағидатқа айналдырғанымыз жөн. Сондай-ақ, өзара сенім, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты құндылықтарды кеңінен дәріптеген абзал. Оның бәрі Абай айтқан жылы жүректен бастау алады. Қоғамда сенім болған жерде адами қарым-қатынастың нығаюымен қатар, экономика да дамиды деген заңдылық бар. Ақын өсиет еткен ыстық қайратқа талап пен еңбекқорлық секілді қасиеттер жатады. Мұның бәрі жаңа заманда ұлттық ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналуы қажет», – деген Сенат төрағасы
Мемлекет басшысының жаңғыру бағдарын кешенді әрі жүйелі түрде іске асыру үшін осындай идеологиялық құндылықтарды нығайтып алу керектігін айтты. Палата спикері ұлттық құндылықтарды дұрыс дәріптеу аса маңызды екеніне назар аударып, бұл ретте негізгі салмақ білім беру саласына түсетінін жеткізді. Соған сәйкес, бала адамдық әліппесін ата-анасымен қатар мектептен де үйреніп, білім мекемелері жанашыр, адал, жауапты, еңбекқор болуды ерте жастан баланың бойына сіңіруге тиіс екенін атап өтті. «Ол үшін оқу бағдарламасына ұлттық құндылықтарды дәріптеу сабақтарын қосып, оны жаңаша жасақтау мәселесін қараған жөн болар еді. Сондай-ақ, бұл мәселеде интеллигенцияның алатын орны ерекше. Алдыңғы аға буын осы бағыттағы миссиясына адалдық танытып, әрдайым ұлтымыздың үні, қорғаушысы болып келеді. Ендігі кезекте, елімізде зиялы қауымның жаңа буынын қалыптастыруды өзекті мәселелердің бірі деп есептейміз. Олар ХХІ ғасырда ұлттық құндылықтарды сақтаушы және насихаттаушы болуы керек», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов, мемлекет
және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы
Ұлықбек Есдәулет, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, «Егемен
Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, А.Байтұрсынов атындағы Тіл
білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Қазақстан халқы Ассамблеясы
Төрағасының орынбасары Майя Бекбаева және тағы басқа азаматтар сөз сөйлеп,
ұлттық құндылықтардың мәні мен маңызын кеңірек баяндады. Тыңдаудың қорытындысы
бойынша арнайы Ұсынымдардың жобасы дайындалды. Соған сәйкес сенаторлар тіл
саясаты жөніндегі қолданыстағы бағдарламалық құжаттарға толықтырулар енгізуді
ұсынып отыр. Соның аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар мен
мекемелерде және мектепке дейінгі білім ордаларында мемлекеттік тілді
толыққанды қолдану ұсынылған. Одан бөлек, Ұсынымдарда шекаралық аймақтарды
өркендету үшін ішкі көші-қон мәселесін реттейтін және осы аймақтарға
қандастардың қоныстануын қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама әзірлеу, төл
әдебиетімізді дамыту мақсатымен қолданыстағы «Мәдениет туралы» заңға әдебиетті,
оның ішінде балалар әдебиетін қолдауға арналған өзгерістер мен толықтырулар
енгізу, интернеттегі адам санасын улайтын зорлық-зомбылық, рухани құлдырауға
дәріптейтін ақпараттарға тосқауыл қоюдың озық технологиялары мен механизмдерін,
сондай-ақ, кибербуллингтен қорғауға қатысты мәселелерді зерделеуді, осы бағытта
арнайы тетіктер дайындау, отбасы институтының жауапкершілігін күшейту сияқты
бірқатар нақты ұсыныстар қамтылған. Аталған ұсынымдар барлық қатысушының
ұсыныс-пікірлері негізінде тағы да толықтырылып, Үкіметке және тиісті
министрліктерге жіберіледі. Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет басшысының
орынбасары Ералы Тоғжанов, министрліктер мен мемлекеттік органдардың басшылары,
ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ өңірлерден бірқатар қоғам
қайраткері бейне байланыс арқылы қосылды. Парламенттік тыңдауды Сенаттың
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Нариман Төреғалиев
жүргізді.
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил Национальный научный центр хирургии им. А.Н.Сызганова
ru Из Спецгосфонда выделили средства на строительство врачебной амбулатории в селе
ru Хищения в футбольном клубе «Актобе»
ru Взносы в систему ОСМС за безработных будут отчислять из местного
ru «КазАвтоЖол» запускает широкомасштабный проект «Народный контроль»
ru В столичном Ботаническом саду появилась аллея в честь 60-летия ПРООН
kz Қалалық мәслихат депутаттары «Астана Тазалықта»
ru Какая казахстанская продукция пользуется наибольшим спросом за рубежом?
ru Премьер-министр дал ряд поручений по цифровизации строительной отрасли и градостроительного
ru Президент принял председателя правления АО «НУХ «Байтерек»
ru Экспортировано 7,5 млн тонн зерна нового урожая
ru В какие сроки пройдут школьные выпускные экзамены
ru Казахстанские и японские ученые работают над испытанием нового гербицида
ru Более 1 млрд тенге из возвращенных активов выделено на строительство
ru Президент принял акима Алматинской области Марата Султангазиева
ru Гумар Сергазин назначен зам.председателя Агентства по атомной энергии
ru Прокуроры в Алматинской области обеспечили конфискацию 7 тыс. коробок пиротехники
ru Агентство «Хабар» и ТОО «Астана тазалық» приняли участие в акции
ru 301 беженец получил убежище в Казахстане
ru Новые парки, набережные и скверы: как преображается Алатауский район
ru МНВО изменило ряд приказов по вопросам обучения и стажировки по
ru Возврат активов: 1,4 млрд тенге выделено на строительство медицинских учреждений
ru Авиакомпания «Air Arabia Abu Dhabi» запускает рейсы в Казахстан
ru Инклюзивный эко-проект запустила победитель конкурса грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»
ru Минздрав РК усиливает контроль за качеством биологически активных добавок
ru Касым-Жомарт Токаев выразил поддержку Реджепу Тайипу Эрдогану в связи с
ru Сенат принял поправки по вопросам определения страны происхождения товаров
ru В области Ұлытау на возвращенные активы строятся объекты
ru Дверь из мавзолея Ходжи Ахмеда Ясауи снова представлена публике