• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Республикалық маңызы бар жолдардың бойында қызмет көрсететін 35 кешен салынады

Алматы. 10 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Алдағы уақытта Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсететін заманауи 35 кешен салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инрақұрылымдық даму министрлігінің Facebook парақшасынан белгілі болды. Онда а талмыш жобаның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық маңызы бар жолдарды 2025 жылға дейін сапалы қызметпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қолға алынғаны айтылған.

Осы ретте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен «Compass» ЖҚС желілері компаниясы арасында Жол бойындағы қызметті дамыту саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімшартқа қол қойған. Келісімшартқа қолды «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов пен «Compass» ЖҚС компаниясының акционері, «Kusto Group» директорлары кеңесінің серіктесі мен мүшесі Оразхан Қарсыбеков қойды. Аталмыш рәсімге сондай-ақ, министр Бейбіт Атамқұлов, вице-министр Берік Қамалиев пен Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов қатысты.

Құжат республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсететін заманауи 35 кешеннің құрылысын қарастырады. Кешен жанармай құю станциясы, ауыр жүкті тасығыш көліктер мен автобустарға арналған кең паркинг алаңы, 80 орынға лайықталған фуд-корт, тауарлар мен автобұйымдардың кең ассортименті ұсынылған Express Market-пен жабдықталатын болады. Жоба 4200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтымақ. Инвестициялардың жалпы мөлшері 30 млрд теңгені құрайды.

«Әлемдік үздік тәжірибені қолдана отырып, қазақстандық «Compas» бренді көпфункционалды қызмет саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізді, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында 11 кешенді тұрғызды. Министрлік пен ұлттық оператор өз тарапынан жол бойында қызмет көрсететін аталмыш нысандардың құрылысын жүргізуде, олардың алаңдарына одан әрі қызмет көрсетуде қолдау танытуға дайын»,-делінген хабарламада.

Источник: ҚазАқпарат

ru Стабильное водоснабжение получили 18 тысяч жителей Темиртау

ru Более 113 тыс. заявок на установление инвалидности рассмотрены в заочном

ru Перевозки зерна по сети КТЖ выросли на 30% в 2025

ru О мерах по борьбе с организованной преступностью в 2025 году

ru Более двух миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала

ru Из Турции возвращена подозреваемая в мошенничестве под предлогом приобретения ювелирных

ru На крышах учебных корпусов КазНУ установлены солнечные панели

ru О результатах деятельности по противодействию коррупции в 2025 году сообщили

ru Пенсионные выплаты из ЕНПФ вырастут на 5 процентов

ru Задержан иностранный гражданин за незаконный оборот наркотиков в Алматы

ru Пирамида «HAS»: расследование продолжается

ru Почти 60 тыс. тонн готовой рыбной продукции произведено за 11

ru В Казахстане утвердили правила государственной поддержки креативной индустрии

ru На 15,1% выросли расходы бюджета на социально-трудовую сферу в 2026

ru Введены временные санитарные меры в отношении некоторых наименований чая

ru Принят новый закон о лицензировании детских лагерей

ru Молочно-товарную ферму на 1200 голов построят в Алматинской области

ru Глава государства провел рабочее совещание по Парламентской реформе

ru По итогам закупа лекарств на 2025 год сэкономлено более 85

ru Размеры пенсий и пособий увеличены в Казахстане

ru С начала зимнего сезона из Астаны вывезли более 1,6 млн

ru Смертность от рака в Казахстане за пять лет снизилась на

ru В 2025 году скорая помощь обслужила 7,4 млн вызовов

ru Подозреваемый в особо крупном мошенничестве экстрадирован из России

ru С Новым годом!

ru В Казахстане запускается система маркирования древесины

ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год

ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»

ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам

ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники