Қызылордада балық шаруашылығы дамып келеді
28 Апреля 2021
1756
Бизнес
Алматы. 28 сәуір. Ақпараттар орталығы - Соңғы жылдары Сыр өңірінде балық шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Биыл да жергілікті сала өкілдері арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында балық өсіру көлемін одан әрі арттыруға бекініп отырю, деп хабарлайды Aiqyn.
Алдымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Қызылорда облысына келген сапарында айтылған бірқатар өзекті мәселеге тоқталсақ. Сапар барысында Мағзұм Мырзағалиев балық шаруашылығын дамыту, Арал теңізінің құрғаған табанын игеру бағытындағы жұмыспен, Қамбаш көлі және «Көкарал» бөгетінің жағдайымен танысты.
Балық шаруашылығын жандандыруда Сыр өңірінің әлеуеті жоғары. Жергілікті сала өкілдері арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында балық өсіру көлемін арттыруға дайын екенін жеткізді. Бүгінде аймақта қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты бар. Олардың өндірістік қуаты саланы дамытуға және өндіріс көлемін екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Үкіметтің Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасында балық өсіру көлемін 270 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген. Оның 16 мың тоннасы Қызылорда облысына тиесілі.
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов аталған межеге қол жеткізу үшін облыс аумағында балық өсіруге қолайлы су айдындары бар екенін, мұнымен тауарлы балық өсіру көлемін көбейтуге болатынын атап өтті.
– Қызылорда облысының табиғи-климаттық факторларын, Арал теңізі көлемін, күріш егу алқаптарында балық өсіру мүмкіндігін ескере отырып, өңір жылына 25 мың тонна балық өсіруге қабілетті. Сондықтан жергілікті тұрғындарды балық өсірумен айналысуға шақырамыз. Ол үшін өңірде теңіз де, тәжірибе де бар. Саланы мемлекеттік қолдау түрлері көбеюде. Біріншіден, тауарлы балық шаруашылығымен айналысу мерзімі 49 жыл болып белгіленді. Бұл бизнеске сеніммен инвестиция салуға және ұзақ мерзімді жоспар құруға ықпал етеді. Ал кәсіпшілік балық аулау үшін бұрынғы мерзім қалып, 5 жылдан 49 жылға дейін белгіленді. Сондықтан тауарлы балық шаруашылығымен айналысу тиімді, – деді ол.
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызды 207 көл бар. Балық қорын сақтау және оларды жасанды жолмен көбейту мақсатында министрлікке қарасты Қамыстыбас балық питомнигінде жыл сайын 15 млн дана балық шабағы өсіріліп, көлдер мен Кіші Аралға жіберілуде.
– Балық шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыруға 29 млрд теңге қаржы тартылады. Осыған сәйкес, 2030 жылға қарай облыстың балық экспортын 2, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Нәтижесінде, 16 шарбақтық, 12 тауарлы балық өсіретін тоған шаруашылығы құрылып, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылатын болса, көл-тауарлы су айдындарының саны 55-ке жеткізіледі, – деді Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов.
Осы бағытта құны 6 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастайды. Оның ішінде жалпы құны 900 млн теңгеге жылдық қуаттылығы 7 мың тоннаға жететін 3 балық өңдеу зауыты салынып, балықты терең өңдеу кешені кеңейтіледі. Өңірлік бағдарламаға сәйкес, 16 мың тонна балықтың 5 950 тоннасы (37 пайызы) Қамыстыбас көлінің үлесіне тимек.
Ал Арал теңізінің құрғаған табанында бүгінде фитоорманмелиорациялық жұмыс жүргізілуде. Айта кетейік, оның көлемі – 4,6 млн гектар. 2,2 млн гектары Қазақстанға, 2,3 млн гектары Өзбекстанға тиесілі. Жыл сайын теңіз ұлтанынан 100 млн тонна тұз бен шаң көтеріліп, мыңдаған шақырымға таралады. Бір түп сексеуіл 4 тонна көшкін құмды тоқтатуға ықпал жасайды.
– Арал маңындағы экологиялық апат аймағы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Теңіз табанының тұзы мен жылжымалы құмын тұрақтандырудың экологиялық тиімді және қауіпсіз жолы – байырғы өсімдіктерді егу. Сондықтан 2008 жылдан бері республикалық және жергілікті бюджет есебінен Дүниежүзілік банк, ғаламдық экологиялық қор көмегімен мұнда 195 мың гектардан астам жерге сексеуіл отырғызылды. Осындай жұмысты Өзбекстан да жүргізіп келеді, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Жиында аймақ басшысы экологиялық апат салдарымен күрестің маңыздылығына тоқталды.
– Арал дағдарысы теңіз маңында өмір сүретін 35 млн адамға әсерін тигізіп отыр. Оның адамзат тарихындағы аса ірі экологиялық зардаптың бірі екені баршамызға аян. Жойылып бара жатқан теңіз мәселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіреді. Тұздың ұшуын тоқтату және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында кейінгі 29 жылда теңіз ұлтанының қазақстандық бөлігінде 195 мың гектар сексеуіл және басқа да галафитті (шөлейтті жерге бейімделген) өсімдіктер көшеті егілді. Бұл екпелер қазір табиғи жағдайда өсіп, көбеюде, – деді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Арал ауданындағы сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова мен Мағзұм Мырзағалиев жергілікті ғалымдармен, тұрғындармен кездесіп, өңірдегі түйткілді проблемаларға, экология мәселелеріне қатысты ұсыныстарды тыңдады. Аралдың экологиялық проблемасын шешуге атсалысуға ғалымдар дайын екенін жеткізді.
– Алдағы уақытта Арал табанында сексеуіл егудің арнайы бағдарламасы қабылданады. Көршілес Өзбекстанмен тәжірибе алмасу шаралары жалғасады. Ғалымдармен бірлескен экспедиция ұйымдастырылады, – деді министр.
Одан кейін М.Мырзағалиев Қамбаш көлі және «Көкарал» бөгетінің жағдайына көз жеткізді. Сырдария өзені орталық атырауының оң жағалауын алып жатқан Қамыстыбас өзен жүйесінің экологиялық және шаруашылық мәні зор. Судың аздығынан Сырдария өзені бассейні кейінгі 2 жыл бойы «қоректенбеген». Сол себепті көлдің тек жартысы ғана толып, су жағалаудан 200-300 метрге алыстап кетті.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен министр Мағзұм Мырзағалиев жергілікті халықпен, мамандармен кездесіп, су проблемасына қатысты ұсыныстарды тыңдады.
– Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі судың азаюы ауыл шаруашылығына айтарлықтай қиындық келтіруде. Облыстың негізгі шаруашылығы суды көп қажет ететін күріш егісі екенін жақсы білесіздер. Алайда біз жылдан-жылға күріш егісінің көлемін азайтып, ауылшаруашылық саласын әртараптандыруды бастадық. Осылайша, суды үнемдеу жолдарын қарастырып жатырмыз, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




