Қызылорда облысында тағы 5 елді мекен газға қосылды
25 Декабря 2023
1183
Социум
Фото:«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ
Алматы. 25 желтоқсан. Ақпараттар орталығы - «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Шалқия, Құттықожа, Жайылма, сондай-ақ Шиелі ауданының Еңбекші, Жиделіарық елді мекендерін табиғи газға қосты.
«Көгілдір отынға» қосу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Жайық Әлішев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ мамандары, сондай-ақ елді мекендердің тұрғындары қатысты.
Қазіргі таңда Шиелі ауданында 23 елді мекенде 85 000-нан астам адам, ал Жаңақорған ауданында 35 елді мекенде 84 000-ға жуық адам тұрады. Осы күнге дейін Шиелі ауданында табиғи газға 10 405 абонент, Жаңақорған ауданында 6 694 абонент қосылған.
Енді Шиелі және Жаңақорған аудандарының тағы 1 286 үйінің (7 619 тұрғыны) тұрғындарына табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігі беріліп отыр.
"Табиғи газдың өзге отын түрлеріне қарағанда артықшылығы көп. Көгілдір отын – адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігін айтарлықтай жеңілдететіні рас. Дегенмен, тұтынатын табиғи газымыз адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін, оны тұрмыста пайдалану талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл сіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін маңызды жайт", – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ КӨФ директоры Жайық Әлішев.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары қазақстандықтарды газды үнемді тұтынуға шақырады. Себебі тіпті заманауи газ қазандығы болса да, үйдің есік-терезесінде саңылау болса, жылуыңыз далаға кетеді. Терезе мен есік саңылауы арқылы жылудың шығуына жол бермеу үшін қасбетті, шатырды, еденді сапалы жылылау, энергия үнемдейтін терезе шыныларын қою керек. Сонда жылыту жүйесін өзгертпей-ақ газды тұтынуды үнемдеуге болады. Газ шығынын жоюға қазандық жабдығын дұрыс таңдау да көмектеседі.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




