Қ.Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
21 Июня 2021
1038
Политика
Фото:Хабар 24
Алматы. 21 маусым - Ақпараттар орталығы - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Хабар 24.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді Иран
Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының
және жеке өзінің атынан құттықтады, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – Отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін
үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың,
сондай-ақ, ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып
отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста, Иран Ислам Республикасы мен оның
халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен
қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін», -
делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және
ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын
айтты. Сонымен қатар Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара
қолдау рухында қалыптасқан ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған тың серпін,
жаңа мән беретініне сенім білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтардағы тығыз
ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін Иран Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға
дайын екенін нақтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне
толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен
құт-береке тіледі.
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

+77772555856
Написать нам




