Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области
Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд тенге
В Казахстане отмечено улучшение ключевых показателей здоровья населения
Столичные спасатели напомнили горожанам правила безопасного поведения на льду
Профилактическое мероприятие “Ель” по охране хвойных деревьев стартовало в Алматы
ҚР Қорғаныс министрлігінде мерзімді сарбаздарды жаңа мамандықтарға оқытады
03 Февраля 2016
1492
Мамандық,
Оқыту,
Сарбаздар,
ҚорғанысМинистрлігі
Алматы. 3 ақпан. Ақпараттар орталығы. ҚК Әуе қорғанысы күштері 44841 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында кіші мамандардың курстық даярлығы өтуде, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.
Аталмыш курс 2016 жылдың басында басталды және осы жылғы сәуірдің соңына дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында мерзімді қызметтегі 200-ден аса әскери қызметшіні оқытып-үйрету жоспарлануда.
Болашақ мамандарды Әскери-әуе күштерінің, ӘШҚҚ әскерлері мен байланыс әскерлерінің әскери бөлімдері үшін дайындауда. Мерзімді сарбаздар дизельші, электр орнатушы, радиолокациялық станция операторы, әуе нысаналарын қолмен сүйемелдеу операторы сияқты кәсіпті меңгереді, авиациялық қару-жарақтың, радиоэлектрондық жабдықтың, зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер мамандықтарын зерделейді..
Жарты жыл ішінде курсанттарға жалпы пәндер, яғни, дене даярлығы, жалпыәскери жарғылар, функционалдық міндеттерді білуі және әскери педагогика пәні бойынша сынақтар тапсыруға тура келеді. Оқу аяқталысымен оқу-жаттығу орталықтарының кіші мамандары өздігінен және ауысым құрамында жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындай алады, сондай-ақ оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Хабарда айтылғандай,бүгінгітаңда 44841 әскерибөліміндеоқуүшінжақсыоқу-материалдықбаза, мамандандырылғансыныптар, қару-жарақтың, техниканыңтораптарыменагрегаттарыныңсұлбаларыбар.
«Әскери бөліміміздің базасында жоғары білікті оқытушылар құрамы қызмет етеді. Олар ұдайы оқу-материалдық базаны жетілдіреді, техникалық оқыту құралдарының заманауи кешендерін кеңінен енгізе отырып, оқу үдерісін компьютеризациялау дәрежесін арттырады», – деді 44841 бөлімінің командирі полковник Бауыржан Жиенбаев.
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, өткізіліп жатқан іс-шаралар әскерлердің кіші мамандардағы қажеттілігін толыққанды қанағаттандыру үшін тұтастай жағдай жасауға бағытталған.
«Жауынгерлік оқудағы және қызметтегі жетістіктерімен болашақ мамандар еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайту жолындағы ортақ істе сүбелі үлес қосатын болады», — деген сенімде ҚР Қорғаныс министрлігінде.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн
ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области
ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области
ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд
ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала
ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ
ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями
ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%
ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за
ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации
ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане
ru Состоялся телефонный разговор Главы государства с Президентом Азербайджана
ru В Казахстане отмечено улучшение ключевых показателей здоровья населения
ru В Темиртау обновляют городские электросети
ru Реклама без ошибок: в Караганде подвели итоги социального проекта
ru Около трех тысяч дорожных рабочих вышли на уборку снега в
ru Столичные спасатели напомнили горожанам правила безопасного поведения на льду
ru На поддержку малого бизнеса в регионах направят 400 млрд тенге
ru Профилактическое мероприятие “Ель” по охране хвойных деревьев стартовало в Алматы
ru Более 681 млрд тенге выплачено казахстанцам в виде пособий и
ru В Алматы обозначены приоритеты развития социальной сферы
ru Самая крупная грибная ферма открыта в регионе
ru Самый крупный в стране цех по производству сгущенного молока открыт
ru Штормовое предупреждение по Казахстану на сегодня
ru Авиационная отрасль демонстрирует устойчивый рост
ru Gemini стал доступен на казахском языке
ru В Жетісу расследуют хищение 212 млн тенге при капитальном ремонте
ru МЧС подготовил чек-лист пожарной безопасности при установке новогодних ёлок
ru Президент осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
ru Глава государства провел встречу с губернатором Токио Юрико Коикэ

+77772555856
Написать нам




