• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

«Қорғаста» 300 млн долларға 6 инвестжобаны жүзеге асыру басталды

Алматы. 15 ақпан. Ақпараттар орталығы. «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығында экспорт-импорт сауда операцияларын жасақтау және 300 млн АҚШ доллары көлемінде логистика жөніндегі келісімдердің 6 инвестициялық жобасы басталды, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметінен. 

«Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығында экспорт-импорт сауда операцияларын жасақтау және 300 млн АҚШ доллары көлемінде логистика жөніндегі келісімдердің 6 инвестициялық жобасы басталды, Әлі де 26 жоба қарастырылуда, деп хабарлады Қорғас ХШСО (халықаралық шекаралық серіктестік орталығы) президенті В. Ни«Қорғас шығыс қақпасы» АЭА кеңесі барысында.
«Қорғас» ХШСО құру ҚР мен ҚХР азаматтарының халықаралық сауда мен туризм индустриясын дамыту үшін осы өңірдегі визасыз жүруі мен сауда келісімдерін жасау, іскерлік топ өкілдерін, таяу және алыс шетелдердің туристерін тарту қызметтерін кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
Баспасөз қызметінде еске салғандай, 2014 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрғақ порт құрылысын бастауға пәрмен берді. Құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде атқарылып, инфрақұрылымдық нысандардың бірінші кезегі 2015 жылғы желтоқсанда берілді. Бұл өз кезегінде құрғақ порттың операторы болып табылатын «KTZKhorgos -Gateway» компаниясының өндірістік және инвестициялық қызметіне кірісуіне мүмкіндік әперді.
Биылғы жылы мұнда 200 мың контейнерді өңдеу, 2020 жылға қарай толық қуатын пайдаланып, жылына 500 мың контейнер өңдеу жоспарланып отыр.
«Транзиттік тасымалды арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасы Қазақстанның барлық көліктік-логистикалық кешенін дамытуға зор үлес болып табылатындықтан біз, қазіргі жұмыс қарқынын баяулатпауымыз керек», — деді «ҚТЖ» АҚ директоры Асқар Мамин.
«2015 жылы ҚХР- ЕО- ҚХР бағдарына 47 мың контейнер жіберілді. Бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, екі есеге жоғары көрсеткіш. Бүгінгі таңда «KTZExpress» контейнерлік тасымал көлемін жүз пайызға өсірді. Тікелей тендерлерге қатысу, контейнерлердің рефрижераторлық паркіне инвестиция тарту арқылы біз тасымалдауды жыл бойы атқаруға жетісіп, пойыздардың кері бағдарын 46 пайызға жүкпен қамтамасыз етуге жетістік», — деп атап өтті «KTZExpress» АҚ президенті Санжар Елюбаев.
Хабарда айтылғандай, қазіргі кезде инвесторларға қолайлы жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Ол үшін АЭА аумағында орындалатын тапсырыс берушінің өтініші қабылданған сәттен бастап, оның ең соңғы өнімге дейінгі құрылымдық тәртіптерін барынша жетілдіру жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Құрғақ порт нысандары құрылысының 80 пайызы атқарылды. Белгіленген кесте бойынша құрылыс жұмыстарын 2016 жылғы мамырда аяқтау жоспарланып отыр.
Сапар барысында жаңадан салынып жатқан тұрғын жайларға назар аударылды. 2016 жылдың алғашқы жартысында «Қорғас-шығыс қақпасы» АЭА еңбеккерлерге арналған 192 пәтерлік екі жатақхана, ал, Нұркент селосында 60 пәтерлік екі үй құрылысын аяқтау көзделуде.
Алматы облысының әкімі А. Баталовтың хабарлауынша, әкімдік АЭА жұмысын атқаруына барлық жағдайлар жасалған. Еңбеккерлерге арналған тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандар салынып жатыр. Қазіргі таңда 100 мың адам тұратын жаңа қаланың бас жоспарының жобасы ҚР мемлекеттік органдарының қарауында жатыр.
«KTZKhorgos -Gateway» бас директоры К. Гейсеннің айтуынша, «DPWorld» компаниясымен бірлесе отырып, қазіргі заманғы IT технологиясын өндіріске енгізіп, Құрғақ порттың сыртқы және ішкі бизнес үдерісін синхронды жүргізіп, жұмысы «бір терезе» әдісімен атқаруды жолға қойған. Оның сыртында еңбеккерлер тұрақты түрде шетелдегі тренингтерінде болып, біліктілігін көтереді. Жұмысқа қабылдауға негізінен, Алматы облысының тұрғындарына басымдық беріледі.
«ҚТЖ» АҚ атап өткендей, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында жүзеге асырып жатқан ірі жобалары Қазақстанның транзиттік-көліктік дамуына серпін береді. Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуінің жасақталуына қызмет етеді.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения

ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину

ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота

ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции

ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании

ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем

ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов

ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной

ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре

ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

ru Сменился пресс-секретарь президента

ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025

ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе

ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей

ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”

ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову

ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру

ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом

ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций

ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов

ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий

ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля

ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в

ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025

ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы

ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем

ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу

ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине