• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қорғаныс министрлігі: Моральдық-психологиялық тұрғыдан даярланған 7 жігіттің ішінен тек біреуі ғана әскерге шақырылады

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық өңірінде әскерге шықыру медициналық комиссиясы жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет мерзімі бір жыл болып айқындалды.

«Қазақстан әскері аралас тәсілмен мерзімді және келісімшарт бойынша әскерге шақырылу арқылы жасақталады. Әскери қызметтің барлық салаларында әлемдік тәжірибеге негізделген жаңа әрі озық өзгерістер енгізілуде. Осындай өзгерістердің бірі жеке құрамды жасақтау және әскерге шақыру мәселелерін тыс қалдырмады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет жүргізіледі», — дейді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Өсербаев.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, республикадағы әскерге шақыру резервінің жеткілікті болуы жас буынды анағұрлым сапалы іріктеуге мүмкіндік береді, іс жүзінде медициналық комиссияға келген дені сау, моральдық-психологиялық тұрғыдан даярланған 6-7 жігіттің ішінен тек біреуі ғана әскерге шақырылады.

Жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды жүйелі түрде зерделеу жұмыстарын жүргізеді.

Әскерге шақырылушының өзімен, оның ата-анасымен немесе ол тәрбиелеуінде болып табылатын азаматтармен, сондай-ақ әскерге шақырылушы жұмыс істейтін кәсіпорынның немесе оқитын оқу орнының өкілдерімен жеке әңгімелеседі. Олардың денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және отбасы жағдайына ерекше көңіл аударылады.

Бүгінгі әскерге шақырылушы наркотестілеуден өтеді, гепатитті, туберкулезді анықтау жөніндегі міндетті зертханалық тексеру бойынша талаптардың шеңбері кеңейтілген, сондай-ақ аурудың себептерін анықтау мәселелері қайта қаралған.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru В Исламабаде обсудили итоги 8-го Съезда лидеров мировых и традиционных

ru МВД усилило контроль за законным оборотом прекурсоров

ru АФМ в Астане расследует хищения при продаже недвижимости в ЖК

ru В Павлодаре 19 должностных лиц привлечены к административной ответственности за

ru Увеличится количество мест отдыха в Кызылординской области

ru Более 246 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС с начала

ru Профилактика бытового насилия: в Астане прошел особенный челлендж

ru ИИ могут начать применять при определении степени инвалидности

ru Казахстанские ученые стали авторами мирового научного открытия

ru ВАП завершила аудит АО «Самрук-Қазына»

ru Денежные переводы в сфере наркооборота: МВД выявило 10 дропперов

ru Касым-Жомарт Токаев: «В новом однопалатном Парламенте не будет президентской квоты»

ru Более 208 тыс. казахстанцев получают специальное государственное пособие

ru В Алматы готовят масштабную реконструкцию зоопарка

ru Иностранные туристы все чаще выбирают Алматинскую область для отдыха

ru Рекордный год для Алматинской области в сфере туризма

ru АПК Алматинской области наращивает экспортный потенциал

ru Алматинская область: климат - инвестиционно-привлекательный

ru Почти 227 тыс. тонн казахстанской чечевицы экспортировано в Турцию

ru МВД: Пресечены каналы хищения и контрабанды нефтепродуктов

ru В Алматы сносят крупный незаконный объект

ru Полиция усиливает меры против насилия в семье и обществе в

ru СКО подписала меморандумы о сотрудничестве с крупными китайскими компаниями

ru Столичный врач обратился к родителям в связи с периодом ОРВИ

ru В Алматы зафиксируют цены на мясо кур и сахар

ru Минтруда планирует установить региональную квоту приема кандасов и переселенцев на

ru Новый морской порт за $300 млн планируют построить в Актау

ru Генеральная прокуратура предупредила владельцев iPhone об угрозе

ru Глава государства наградил Президента Туркменистана орденом «Алтын Қыран»

ru Президенты Казахстана и Туркменистана провели переговоры