ҚазТАГ пен Матаевты тәртіпке шақыру керек деп шешіпті — «Әділ сөз» басшысы
22 Февраля 2016
1728
Айыптау,
Матаев,
ҚазТАГ
Алматы. 22 ақпан. Ақпараттар орталығы. «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейтқазы Матаевты ақшаны жымқырған деп айыптаудағы мақсат — бақыланбайтан БАҚ-ты тәртіпке шақыру деп санайды. Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі елімізге белгілі журналист және ҚазТАГ агенттігінің басшысы Сейтқазы Матаев басқаратын «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігін үш миллионнан астам теңгені жымқырған деген айып бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ұлттық баспасөз клубында құқық қорғаушы Тамара Калеева мен «Қазақстан журналистер одағы» басқармасының мүшесі Ермұрат Бапидің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Матаевтың өзі түсініктеме беру үшін бүгін ертеңгісін ұсталғандықтан брифингке қатыса алмады.
«Әділ сөз» президентінің пікірінше, ҚазТАГ агенттігі елдегі биліктің бақылауында жоқ аз ғана БАҚ-тың бірі, оны айыптау себебі де осы болуы мүмкін.
«Қоғамды қызықтыратын, бірақ билікке онша ұнай қоймайтын жарияланымдар болды. Ол «Оңай» жүйесі, зейнетақы жинақтарының тағдыры, алдағы парламент сайлауы секілді. Бәз біреулер ҚазТАГ тым еркінсіп кетті, тым тәуелсіз болып кетті, сондықтан оның тізгінін тартып қою керек», — деп шешсе керек», — деп санайды Т. Калеева.
Құқық қорғаушы сонымен қатар, біреулердің Алматыдағы ұлттық баспасөз клубы орналасқан ғимаратты, Астанадағы журналистер үйін және ҚазТАГ агенттігінің өзін иемденгісі келетіндердің болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
«Біздің қаржы полициясындағы дерек көздеріміз ешқандай да ақша жымқыру жоғын айтуда. Неге ілінерімізді білмей отырмыз. Қалай ақша жымқыруы мүмкін, егер Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ мемлекеттік емес сектор субъектілері болып табылcа. Олардың бюджет қаржысына, басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздеріне рұқсаты жоқ. Мен мұның артында кімнің тұрғанын білемін, бірақ әзірге айтпаймын», — деп мәлімдеді өз кезегінде Е.Бапи.
Өз кезегінде Матаев ақша жымқыру туралы айыптауды толығымен жоққа шығарып отыр.
«Біз ешқандай да мемлекеттік қаржыны жымқырмағанымызды мәлімдейміз. Пара алған жоқпыз және пара беруге қатысқан жоқпыз», — делінген БАҚ-тарда таратылған хабарда.
Қазіргі таңда аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за
ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации
ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане
ru Состоялся телефонный разговор Главы государства с Президентом Азербайджана
ru В Казахстане отмечено улучшение ключевых показателей здоровья населения
ru В Темиртау обновляют городские электросети
ru Реклама без ошибок: в Караганде подвели итоги социального проекта
ru Около трех тысяч дорожных рабочих вышли на уборку снега в
ru Столичные спасатели напомнили горожанам правила безопасного поведения на льду
ru На поддержку малого бизнеса в регионах направят 400 млрд тенге
ru Профилактическое мероприятие “Ель” по охране хвойных деревьев стартовало в Алматы
ru Более 681 млрд тенге выплачено казахстанцам в виде пособий и
ru В Алматы обозначены приоритеты развития социальной сферы
ru Самая крупная грибная ферма открыта в регионе
ru Самый крупный в стране цех по производству сгущенного молока открыт
ru Штормовое предупреждение по Казахстану на сегодня
ru Авиационная отрасль демонстрирует устойчивый рост
ru Gemini стал доступен на казахском языке
ru В Жетісу расследуют хищение 212 млн тенге при капитальном ремонте
ru МЧС подготовил чек-лист пожарной безопасности при установке новогодних ёлок
ru Президент осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
ru Глава государства провел встречу с губернатором Токио Юрико Коикэ
ru Более 1 300 единиц спецтехники задействованы в снегоуборке в Астане
ru Жаслан Мадиев провел встречу с руководством Mitsubishi Corporation в Токио
ru Спецподразделение «Бүркіт» Национальной гвардии осваивает FPV-дроны
ru В Астане открылся высокотехнологичный Эндоскопический центр
ru Мошенники меняют тактику: жертвы сами выходят на контакт
ru Глава государства провел встречу с Императором Японии Нарухито
ru К завершающему этапу близится строительство двух новых водохранилищ в Туркестанской

+77772555856
Написать нам




