Қазақстанның ұлттық батырларына арналған зират құрылысына 79 млрд теңге бөлінеді
18 Мая 2016
2360
Қазақстан,
ұлттықбатырлар,
зират
Алматы. 18 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның Ұлттық Пантеонының құрылысы жобасының технико-экономикалық негідемесінің құны жетпіс тоғыз миллиард теңгені құрайды. «Астана» телеарнасының ресми сауалына берген елорда әкімдігінің жауабында осындай мәліметтер келтірілген.
Халықаралық үздік эскиз идеясы конкурсын «ҚазГор» Жобалық академия» ЖШС жеңіп алды. Елорда аумағына тоғыз мыңдай гектар жер учаскесі қосылады. Және Ұлттық пантеон үшін Қабанбай батыр селолық округінен жер бөлінген, ол Астанадан 17 шақырым жерде орналасқан. Оның алаңы мыңға жуық гектарды алып жатыр. Пантеонда мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлері жерленетеін зират тұрғызылады.
Сонымен қатар, Астанада жаңа зират құрылысы жоспарлануда. Онда мұсылмандар мен христиандарды жерлейтін бөлек орындар болады және мемориалды парк тұрғызылады деп жоспарланған. Әкімдік ақпарынша, оған 460 гектар жер берілген. Бұл ретте бірінші кезектегі зират алаңының құрылысы жүз гектардан астам жерді алып жатыр. Оған шамамен 12 млрд теңге жұмсалмақ», - деді біздің телеарнаға қалалық әкімдіктен.
Шыңғыс Бектемір, Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жер кадастры бөлімінің басшысы: "Бүгінгі таңда қоғамдық кеңес өтті. Оң қорытынды алынды. 26 мамырда Астана қаласына кезекті сессияға шығару жоспарлануда, соның қорытындысы бойынша барлық материалдар Ақмола облысына келісуге жіберіледі. Бұл Астана қаласы әкімдігінің біріккен қаулысы мен мәслихат шешімі".
Сонымен қатар, Шыңғыс Бектемір елордалық халықаралық әуежайдың территориясы да біршама кеңейтілетінін түсіндірді. Әуежай алаңының қайта құрылысы мен ұшу жолағын кеңейтуге қосымша жер учаскелері бөлінеді. Жалпы астананың алаңы 71 мың гектарды құрайтын болады, қосылған жер учаскелерін есептегенде ол 80 мыңға ұлғайды.
Шыңғыс Бектемір, Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жер кадастры бөлімінің басшысы: "Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «Эйр Астана Қазақстандық іскери авиация орталығы» жер учаскелері бөлінген. Атап айтсақ, әуежайдың артында Майбалақ көлі орналасқан. Соған байланысты оны Астана қ. аумағына қосу туралы шешім қабылданды. Сонымен көлді қосқанда барлығы 7300 га құрайды"
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов
ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову
ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру
ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом
ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов
ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий
ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине

+77772555856
Написать нам




