Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері өз әлеуетін арттыруда
Фото:Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
РХБҚ әскерлерінің қару-жарақ құрамына Орталық Азияда баламасы жоқ отандық өндірістің РАСТ-2KZ жаңа есептеу-талдау станциялары келіп түсті.

Аталған РАСТ-2KZ есептеу мен талдау станциясы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайда жинауды, талдауды және болжауды жүзеге асырады. Станция спутниктік байланыстың көмегімен автоматты режимде деректерді жедел өңдеп, орталыққа жібере алады.
2020 жылы РХБҚ әскерлері үшін басты сынақ коронавирустан туындаған пандемия болды. Ел үшін қиын кезеңде әскери қызметшілер азаматтық тұрғындарға көмекке келді.
Инфекциямен күресу үшін РХБҚ
әскерлері бөлімшелерінің үш мыңнан астам әскери қызметшісі және 95-тен астам
арнайы техникасы жұмылдырылды. Әлеуметтік маңызы бар объектілердің өңделген
ауданы 60 млн.шаршы метрден, жолдар 4 мың шақырымнан асады.
Химиялық қорғаныс әскери қызметшілері қос мақсаттағы мамандар болып табылады. Бұл бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да мәселелерді шеше алатын мамандар. Пандемия кезінде әскерлер өздерінің кәсібилігі мен жоғары шеберлігін көрсетті. Олардың қару-жарақтары елді мекендер мен жабдықтарды, сондай-ақ әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды зарарсыздандыруға мүмкіндік береді.
Пандемиямен күрес тәжірибесі РХБҚ әскерлерінің қажеттілігін көрсетті, олардың маңыздылығын Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы атап өтті.
Бүгінде Қарулы Күштерде РХБҚ
әскерлерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. 2020 жылдың сәуір айында радиациялық,
химиялық, биологиялық қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің
департаменті құрылды, бұл РХБҚ әскерлерін басқарудың сапасы мен жеделдігін
едәуір арттыруға, арнайы дайындық жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді
Химиялық қорғау әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің бейбіт уақытта олардың міндетін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін ұлғайту үшін олардың құрылымы мен құрамы қайта қаралды.Өңірлік қолбасшылықтардың құрамына арнайы міндеттерді орындайтын жеке батальондар кіреді. Бұдан басқа, құрамалар мен әскери бөлімдерде РХБҚ роталар мен взводтар бар.
Алдағы уақытта РХБ қорғау жүйесін одан әрі дамытуға және туындаған қауіп-қатерлерге уақтылы ден қоюға күштер мен құралдарды әзірлікте ұстауға бағытталатын болады. Қарулы Күштерді РХБ қорғанысын қазіргі заманғы құралдарымен жарақтандыру мен кәсіби мамандармен жасақтау жалғастырылуда.
ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти
ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом
ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий
ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в
ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ
ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро
ru В преддверии праздника Наурыз на железнодорожных перевозках будет открыто 35
ru Государственный контроль в Жетісу обеспечил снижение цен на СЗПТ
ru В 2025 году объём вложений в сферу туризма превысил 1,25
ru 1,5 млрд тенге выплачено в 2026 году ветеранам в виде
ru Министерство обороны предупреждает о незаконности услуг по «освобождению от армии»
ru Глава государства принял председателя правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова
ru Канал поставки опия пресечен в Мангистауской области
ru В Акмолинском гарнизоне проверили боевую готовность войск ПВО
ru Около двух тысяч единиц спецтехники задействованы в уборке снега в
ru Один из первых приговоров за сталкинг вынесен в Алматы
ru В Жетісу планируют реализовать агропроекты по принципу «поле – хранение
ru Проект новой Конституции вынесен на республиканский референдум
ru В Алматы увеличится количество ярмарок выходного дня
ru В Казахстане второй год тестируют тросовые ограждения для повышения безопасности
ru Активы организаторов интернет-казино 1Win конфискованы в доход государства
ru Полиция изъяла из оборота свыше полутонны наркотиков в Алматы
ru В Таразе на складе чуть не сгорели 10 тонн лука
ru Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Ирана
ru Двух мужчин арестовали в Шымкенте за навязчивое преследование женщин
ru Глава МИД Казахстана принял Посла Турции
ru В Караганде пройдёт выставка картин, которые можно увидеть в темноте
ru Более 56,5 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru О повышении зарплат и снижении финансовой нагрузки для граждан доложил
ru Олжас Бектенов доложил Президенту о реализации поручений по укреплению экономики

+77772555856
Написать нам





22 Декабря 2020
53456