• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанның құпия саналған геологиялық деректері жария етілмек

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 18 ақпан. Ақпараттар орталығы  -  Бұрын құпия болып саналған жекелеген сирек кездесетін жер металдарына ашық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның минералдық-шикізат базасын толықтыру және геологиялық зерделенуін арттыру мақсатында министрлік келесі жұмыстарды жүргізуде. Геологиялық барлау саласын дамыту бойынша Ұлттық жоба әзірленуде. Осы жобаның аясында кенді және кенсіз аймақтардың әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін жаңа ғылыми негізделген жұмыстар жоспарланатын болады. Геологиялық ақпаратты құпиясыздандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде бұрын құпия болып саналған жекелеген сирек кездесетін жер металдарына (литий, тантал, ниобий) ашық қолжетімділік қамтамасыз етіледі», - деді министр.

Оның атап өтуінше, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді дамыту және жаңа перспективті учаскелерді табу ықтималдығын арттыру бөлігінде 1:50 000 масштабында жер қойнауын кең ауқымды өңірлік 3 геологиялық зерттеуді заманауи зерттеу әдістерімен жүргізу жөніндегі нормативтік-әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып жатыр. Минералдық-шикізат базасын толықтыру, жер қойнауын геологиялық зерттеу, геологиялық барлауды басқару жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге және бекітуге (ЭМ және ИИДМ келісімі бойынша) және министрліктің қолданыстағы инфрақұрылым мен инспекторлық құрамы аясында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін қатты пайдалы қазбалар бөлігінде мемлекеттік бақылауды орындау бойынша жауапты деп айқындау ұсынылды.

«Осылайша, геологиялық барлауға инвестициялар ағынын ынталандыру тетіктерін жетілдіру жер қойнауын геологиялық зерттеудің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, минералдық-шикізат базасын молайтуды және жаңа кен орындарын ашуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.


 
 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области