• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстандықтар қазан айында 3 мыңнан астам алтын құйма сатып алды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 10 қараша. Ақпараттар орталығы - Ел тұрғындары 2020 жылдың қазан айында екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 127,6 келі, 3 066 алтын құйма сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,37 тонна болатын 37 754 алтын құйма сатылды. Алтын құймалары 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып бес салмақта сатылған. Соның ішінде ең көп сатылғаны 10 грамдық құйма. Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 25%, яғни, 9 505 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 8 524 дана (23%), 20 грамдық – 8 514 дана (22%), 5 грамдық – 6 667 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 4 544 дана (12%). Құймаларды сатып алу жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр (сатылған құймалардың жалпы санынан 53%), одан кейін Атырау (13%), Нұр-Сұлтан (11%) және басқа өңірлер (23%) болды.

«Кері сатып алуға жалпы массасы3,2 кг128 өлшеуіш құйма қабылданды. Алтын құймалар – инвестициялаудың сенімді құралы бола алады. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы»,– деп хабарлады Ұлттық банк.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады. Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт), сонымен бірге құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және қаптамасының ашылған-ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныш қаптамасы да құйма сапасының сертификаты саналады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтап, қаптамасын ашпаған дұрыс.ь

Источник: ҚазАқпарат

ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане

ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП

ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности

ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи

ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц

ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде

ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау

ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли

ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов

ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с

ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция

ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии

ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%

ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей

ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК

ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок

ru Спасатели обратились к астанчанам

ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

ru Учащихся начальных классов столичных школ перевели на онлайн-обучение

ru В Актюбинской области по проекту «Серебряный возраст» трудоустроены 1 225

ru Рыбная отрасль демонстрирует рост

ru Мясная ярмарка «Соғым-FEST» вновь пройдет в эти выходные в Астане

ru Глава государства подписал Указ «О некоторых вопросах цифровизации в Республике

ru Президент принял председателя совета директоров Qarmet

ru Более 13 млн рецептов на лекарства выписано через «социальный кошелек»

ru 70-летнему покупателю вернули деньги за неработающий телефон с Wildberries

ru Казахстан усиливает производство автомобилей

ru Глава государства принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова

ru Назначены послы РК в Чехии, Нидерландах и Люксембурге

ru Казахстан и Индонезия отмечают 32 года дипломатических отношений