Қазақстандықтар 2021 жылы зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде табыс салығын төлемейді
12 Ноября 2020
1304
Социум,
Финансы
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 12 қараша. Ақпараттар орталығы - Парламент Сенаты Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады. Оған сәйкес азаматтар зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алған кезде бір реттік табыс салығын төлемеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берген еді. Алайда бұл қаражат үшін табыс салығын төлеу қажет. Дәл осы мәселе қоғамда наразылық тудырды. Сондықтан сенаторлар бұл төлемді кейінге шегеруді және бірнеше жылға бөліп төлеуді ұсынды. Яғни, зейнетақы жинағындағы қаржыны келесі жылдан бастап алуға болады. Ал оған тиісті салық тек зейнетке шыққан кезде ғана төленеді. Сондай-ақ, төлемді бірден жасамай, 16 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
«Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керек. Оны қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді», – деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Ал азаматтығын ауыстырғысы келгендер зейнетақы жинағынан ақша алғаны немесе оның бір бөлігін пайдаланғаны үшін төленетін салықты бірден және толық өтеуге міндетті. Осы ретте салық БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) шотында қалған зейнетақы жинағынан ұсталатынын атап өткен жөн.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




