• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстандық жас суретші АҚШ-тағы халықаралық байқаудың екінші кезеңіне өтті

Алматы. Тамыз 24. Ақпараттар орталығы Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Сәния Қайнарқызы әлемнің 50-ден астам елінен қатысатын өнер олимпиадасына қатысуға шақырту алды, ҚазАқпарат деп хабарлайды.

«Сурет салу өнерімен 7 жыл бойы айналысып келемін. Тараз қаласындағы көркемөнер мектебін үздік тәмамдадым. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінде оқимын. Бұған дейін көркемөнер мектебінде білім алып жүргенде сурет салудан түрлі деңгейдегі қалалық, облыстық және республикалық сайыстарға қатысып жеңімпаз атандым. Бүгінде сурет салу менің ең сүйікті ісім. Жетекшім берген білім мен қолдаудың арқасында ендігі уақытта халықаралық деңгейдегі байқауларда да бақ сынай бастадым. Жуырда АҚШ-та өтетін өнер олимпиадасына (Art olimpiad) қатысуға шақырту алдым», - деді С. Қайнарқызы. Оның айтуынша, байқаудың алғашқы кезеңі онлайн түрде өткен.

«Бірінші кезеңде авторлық жұмысымыздың түпнұсқасын жібердік. Көп ұзамай сіз екінші кезеңге өттіңіз деген хат алдым. Енді шешуші кезең АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өтеді және оған 50-ден астам елден жас өнерпаздар қатысады. Онда белгілі бір тақырыпқа сол жерде сурет салатын боламыз. Одан бөлек, байқауға қатысушылар «Әлем менің көзіммен» тақырыбында авторлық картина салады. Негізі байқау биыл өтуі тиіс еді, бірақ коронавирус індетіне байланысты келесі жылға шегерілді. Есесіне менде сурет салу біліктілігімді шыңдайтын қосымша уақыт бар. Сондай-ақ, каратэ спортымен айналысамын. Бұл спорт түрінің адамның шаршағанын басып, сергек жүруіне ықпалы зор. Осы орайда байқаудың бірінше кезеңіне жіберген жұмысымды сүйікті спортыма арнап, атауын «Каратэ - менің жақсылығымның философиясы» (Каратэ – моя философия добра) деп қойдым», - дейді ол. Жас өнерпаз сурет салу мен спорттан бөлек, домбыра тарту, би және гимнастика өнерімен шұғылданады. «Бұл байқауға қатысудың мен үшін орны ерекше. Өйткені, оған әлемнің түкпір-түкпірінен өзім секілді жас суретшілер келеді. Және байқау барысында әлемге танымал суретшілермен танысып, ақыл-кеңес сұрап, тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар. Менде өз кезегімде басқа ұлт өкілдеріне елім, туған жерім туралы айтып, таныстырғым келеді. Сайысты асыға күтудемін, бір жағынан ел намысын қорғайтын болғандықтан қобалжуда бар. Осы орайда жақындарым мен достарым маған қолдау білдіріп, шабыттандырады», - деді тараздық оқушы. Одан бөлек, жас суретші болашақта архитектор болғысы келетінін тілге тиек етті.



Источник: ҚазАқпарат

ru Почти 20 млн тонн зерновых намолочено в Казахстане

ru Полицейские пресекли канал незаконной миграции в столице

ru Пенсионные накопления казахстанцев превысили 25,11 трлн тенге

ru Казахстанцы смогут посещать Армению по удостоверению личности

ru Павел Дуров объявил об открытии ИИ-лаборатории в Казахстане

ru Глава государства принял основателя Telegram Павла Дурова

ru В Астане стартовал добрый челлендж ко Дню пожилого человека

ru 4,5 млн тонн угля поставлено в регионы: подготовка к зиме

ru Задержаны молодые люди по подозрению в вымогательстве в Актюбинской области

ru Глава государства направил телеграмму поздравления Президенту Кипра Никосу Христодулидису

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Нигерии

ru Президент поздравил с наступающим Днем учителя

ru Более 5 тысяч иностранных туристов прибыли в Алматы на матч

ru В регионах Казахстана продолжается активная подготовка к паводковому периоду

ru Уровень интернет-мошенничества в Астане снизился

ru Yandex Qazaqstan покажет на картах сигналы светофоров в реальном времени

ru Токаев принял государственного министра по делам обороны ОАЭ

ru Глава государства запустил вторую линию железной дороги Достык – Мойынты

ru Школьник области Абай создал генератор для выработки электроэнергии

ru Telegram-бот AI-sulu: военные психологи презентовали цифрового консультанта для армии

ru В школах начнется апробация новых учебников

ru 70 тысяч человек обеспечит газом новый проект на месторождении Хаиркелды

ru Более 15 тыс. иностранных граждан осуществляют трудовую деятельность в Казахстане

ru Президент назначил министра просвещения и министра ИИ и цифрового развития

ru Аким Алматы поручил строго контролировать подготовку к отопительному сезону

ru В колледжах Казахстана абитуриентам будет помогать ИИ-ассистент

ru В Казахстане заготовлено 33 млн тонн кормов

ru В Алматинской области начал работу новый завод по производству автокомпонентов

ru В Алматы на две ночи перекроют участки улицы Омаровой

ru Токаев провел телефонный разговор с Путиным