Қазақстандық және ирандық компаниялар 1 млрд доллардың келісімін жасасты
11 Апреля 2016
2036
Қазақстан,
Иран,
бизнес,
келісім
Тегеранда ұйымдастырушы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі болып табылатын қазақстандық-ирандық іскерлік кеңестің отырысы өткізілді. Отырыс Қазақстанның президенті Н. Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына сапары шеңберінде болып өтті.
Іскерлік кеңестің жұмысына Қазақстан мен Ираннан 200-ден астам компания қатысты. Іс-шараның қорытындылары бойынша екі елдің бизнесмендері шамамен $1 млрд сомасына ынтымақтастық туралы 50 келісімге қол қойды. Оның ішінде $304 млн сомасына 9 құжатқа «Бәйтерек» холдингінің тобы мен оның әріптестері қол қойды.
Қол жеткізілген уағдаластықтардың ішінде – Иранға ауыл шаруашылығы мен машина жасаудың өнімін жеткізуге экспорттық келісімшарттар, химия және мұнай химиясы саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру және т.б. бар.
«Өткен іскерлік кеңесте әуе бағыттары бойынша жеке мәселе көтерілген болатын. Барлық айтылған мәселелерді біз Қазақстан Үкіметіне жеткіздік. Көлік қатынасының проблемалары жақын арада шешіледі. «Эйр Астана» Қазақстан мен Иран арасында жаңа бағыттарды ашып жатыр. Бұл бізге сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингісінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.
Аталып өткендей, инвестициялардың көлемі бойынша ең ірі келісімдердің бірі – «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен ирандық «Каве Индастри Групп» компаниясы арасындағы құны 200 млн доллар Қызылорда облысында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жөніндегі келісім.
Осы қазақстандық-ирандық жоба Қызылорда қаласындағы шыны зауытын салу жобасының жалғасы болады деп күтілуде. Жақын арада тараптар кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріседі.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімінің импорты мен экспорты саласында да келісімдердің ауқымды топтамасына қол қойылды. Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингінің бірқатар қазақстандық әріптес-компаниялары ет және дәнді дақылдар өнімінің экспорттық жеткізілімдері туралы уағдаласты. «Контитент трейдинг» компаниясы Иранға 30 млн долларға ет пен тоңазытылған жартылай фабрикаттарды экспортқа шығарады.
Қазақстандық «Alageum electric» компаниясы Иранға трансформаторлар мен трансформатор майын жеткізуге ирандық «Niroo Nransfo Co.» компаниясымен келісім жасасты.
Қ. Бишімбаевтың айтуынша, қазақстандық компаниялар теміржол қатынасын дамыту саласына да үлкен қызығушылық білдірді. Осы салада «Исткомтранс» ЖШС компаниясы ирандық Railway transportation S.A. әріптесімен 25 млн доллар сомасына теміржол жүк тасымалдарын ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізе алды.
Іскерлік кеңестің барысында 70 млн доллар сомасына кейіннен көмірсутектердің технологиялық және коммерциялық есеп алудың жүйелерін жеткізу мақсатында Иранның аумағында бірлескен кәсіпорынды құру бойынша қазақстандық «Топан» ЖШС мен ирандық «Электро Кавир» компаниясы арасында келісімге қол қойылды.
Бұдан басқа, Алматы облысында қуаты 50 мВт күн электр стансасын салу бойынша жобаның құрылысын салу мен оны іске асыру туралы келісім жасалды.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов
ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову
ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру
ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом
ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов
ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий
ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине

+77772555856
Написать нам




