Қазақстанда карантин режимі қашан енгізіледі?
12 Сентября 2020
1668
Медицина,
Социум
Алматы. 11 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Елімізде коронавирустан емделіп жатқандардың саны 30 мыңға жетсе, қайта карантин енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы арнайы брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Індетке қатысты ахуал тұрақталды. Дегенмен, құзырлы ведомство вирустың келесі толқынына дайындықты бастап кеткен. Маусымдық инфекцияларға қарсы вакцина егу басталады. Бұл екпе кімдерге тегін немесе ақылы болады? Қазіргі таңда 4596 науқас коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 34 бала бар. Күн салқындаған сайын вирустың қайта өршу қаупі арта түсетіні белгілі. Жағдай ушығып, індеттің жаңа толқыны басталса, карантин қайта енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі осылай деді. Бағдат Қожахметов, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: – Егер стационардағы жағдайы орташа ауыр және өте ауыр науқастардың саны 30 мыңға жетсе, онда карантин енгізілуі мүмкін. Соңғы тәулікте Шымкентте коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеді. Ал Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында бір-бір жағдайдан ғана анықталған. Бұл елімізде індетке байланысты ахуалының біршама тұрақтанғанын аңғартса керек. Алайда бұл «індетті жеңіп шықтық» дегенді білдірмейді. Сондықтан күн суытып, маусымдық инфекциялар өршитін мезгілде жағдайды уыстан шығарып алмау аса маңызды. Бұл ретте халықтың 10%-ы, яғни созылмалы ауруы бар балалар, жүкті әйелдер, қариялар мен медицина қызметкерлері вакцинаны тегін алады. Жұмабек Бекенов, ҰДСО Жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры: – Вакцина өз есебімнен аламын деушілерге ақылы түрде ұйымдастырылады. Ол вакцинаны дайындаған елге байланысты. Жыл сайын Қазақстанға тасымалданып жүрген Францияның, Ресейдің вакциналары бар. «СК-Фармацияның» айтуы бойынша, олардың бағалары 2200 тг-ден 4500 тг-ге дейінгі аралықта. Осыған дейін ауру белгілері барлар мен жоқтардың есебі жеке жүргізілетін. Науқастарды бұлай бөліп-жару мамандар үшін ыңғайлы болғанмен, қарапайым халықты шатастырады. Енді COVID-19 жұқтырғандардың статистикасы біріктіріліп беріледі. Соңғы мәліметке сәйкес, қыркүйектің басынан індеттің ілмегіне ілінгендердің саны 29-мыңға жуықтады.ru В Казахстане запускается система маркирования древесины
ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год
ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»
ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам
ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники
ru В Караганде ищут идеи для роботов-спасателей
ru Чем в Казахстане заменяют соль на дорогах
ru На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в
ru В Алматы стартует проект беспилотной доставки
ru В Астане стартует проект беспилотного такси
ru Более 700 астанчан приняли участие в новогоднем забеге
ru Президент утвердил концепцию развития АНК до 2030 года
ru На что тратят бюджетные деньги в Карагандинской области
ru Карагандинский стартап 4SELL.ai намерен покорить рынки ОАЭ и США
ru Более 1 370 проверок провели социнспекторы с начала года
ru Сенат одобрил поправки об усилении правовой защиты медицинских работников
ru АФМ выявлена схема хищения имущества АО «Qarmet» на 1,8 млрд
ru В Алматы установлены тактильные модели ключевых туристических объектов
ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн
ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области
ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области
ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд
ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала
ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ
ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями
ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%
ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за
ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации
ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане
ru Состоялся телефонный разговор Главы государства с Президентом Азербайджана

+77772555856
Написать нам




