• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанда ең көп жол көлік оқиғалары Алматыда орын алады

Алматы. 12 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда 2016 жылы орын алған жол көлік оқиғаларының 30 пайызы Алматы қаласында болған, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен, қалада адамдардың дене жарақатына және кісі өліміне алып келген 1153 жол көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген. Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр, онда осындай 34 ЖКО орын алған.

Жалпы, комитеттің мәліметі бойынша 2016 жылдың 3 айында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 3,1 пайызға төмендеген.

«Сонымен, еліміздің жолдарында 3570 жол-көлік оқиғасы болып, онда 5013 адам зардап шекен, оның ішінде 403 адам қайтыс болды, ал өткен жылдың осындай кезеңінде 3686 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5112 адамның денсаулығына зақым келген, оның ішінде 440-ы қайтыс болған», - делінген ведомствоның хабарламасында.

ЖКО салдарынан 767 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 24-і қаза тапқан.

Жалпы, 90%-дан артық ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Олардың кінәсінен 3383 апат жасалған, оның ішінде 101 алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
Ең көбі - 1068 ЖКО жылдамдықты арттырудан болды, соның салдарынан 156 адам қаза болып, 1259-ы жарақаттанды.

Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 616 ЖКО-да 32 адам қаза тауып, 774-і жарақаттанды, қарсы қозғалыс жолына шығу салдарынан 40 ЖКО-дан 11 адам қаза болып, 97-і жарақаттанды.

Көп бөлігі немесе 1624 ЖКО жүргіншілерді соғып кетуі салдарынан, 1259-көлік құралдарымен соқтығысудан және 211 - аударылу салдарынан болды.

Ал, қоғамдық көліктің қатысуымен 268 ЖКО болып, онда 17 адам қаза болды, 334-і жарақаттанды.

«Жол апаттарынан ең аз зардап шегетін жүргізушілердің өздері, ал көп зардап шегетін жолаушылар мен жаяу жүргіншілер», - деп комитеттен атап өтті.

Адамдардың өміріне және денсаулығына қайғылы салдарын тигізген ЖКО фактілерінің азаюы Атырау (90/56), Қостанай (102/81) және Қызылорда (77/65) облыстарында байқалады.

Апаттылық жарақаттанудың өсуі осы жылы Ақтөбе (123/146) және Жамбыл (241/268) облыстарында байқалды.

Жамбыл (461/422) және Батыс Қазақстан (137/117) облыстарында жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты онда жарақат алғандардың саны өскендігі байқалады.

Елімізде тіркелген ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтындағы «Ақпараттық сервис» бөлімінде орналасқан Жол апаттылық картасынан алуға болады.

Бұдан басқа, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Комитеттің сайтында адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға көлік құралының қатысуы туралы ақпаратты беру сервисі қызмет жасайды.

Пайдаланушыға «Адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға көлік құралының қатысуы туралы ақпарат» қосымша бетінде автомашинаның нөмірін енгізу қажет болады, сосын ол ЖКО күні, машинаның маркасы, Жол қозғалысы ережесін бұзу және дербес деректерді шығармастан зардап шеккендердің саны туралы ақпаратты ала алады.

Аталып өткендей, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане

ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП

ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности

ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи

ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц

ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде

ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау

ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли

ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов

ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с

ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция

ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии

ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%

ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей

ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК

ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок

ru Спасатели обратились к астанчанам

ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

ru Учащихся начальных классов столичных школ перевели на онлайн-обучение

ru В Актюбинской области по проекту «Серебряный возраст» трудоустроены 1 225

ru Рыбная отрасль демонстрирует рост

ru Мясная ярмарка «Соғым-FEST» вновь пройдет в эти выходные в Астане

ru Глава государства подписал Указ «О некоторых вопросах цифровизации в Республике

ru Президент принял председателя совета директоров Qarmet

ru Более 13 млн рецептов на лекарства выписано через «социальный кошелек»

ru 70-летнему покупателю вернули деньги за неработающий телефон с Wildberries

ru Казахстан усиливает производство автомобилей

ru Глава государства принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова

ru Назначены послы РК в Чехии, Нидерландах и Люксембурге

ru Казахстан и Индонезия отмечают 32 года дипломатических отношений