• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанда биылғы Жыл құсы белгілі болды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 19 қаңтар. Ақпараттар орталығы - Қазақстан биоалуандықты сақтау қауымдастығы Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп түрлердің проблемаларына назар аудару үшін жыл сайын «Жыл құсы» ақпараттық науқанын өткізеді. Орнитологтар кандидаттарды ұсынады, ал ҚБСҚ мүшелері жеңімпазды дауыс беру арқылы анықтайды. «Жыл құсы – 2021» бірқазан болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірқазандардың санына су деңгейінің жеткіліктілігі ғана емес, сонымен қатар оның тазалығы да әсер етеді. Жақсы жемшөп базасы, яғни балық қоры өте маңызды. Бақылаусыз балық аулау факторы бірқазандарға зиянын тигізеді. Бірқазандар заңмен қорғалады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сонымен қатар бірқатар негізгі орнитологиялық аумақтарда өмір сүреді.

«Бірқазан жылында» түрдің негізгі аумақтарын анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту жоспарлануда. Қазақстанда аталған құстың екі түрі мекендейді: қызғылт бірқазан (Pelecanus onocrotalus) және бұйра бірқазан (Pelecanus crispus). Екеуі де ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Біздің еліміздегі әр түрдің саны шамамен 1600-3000 жұпты құрайды. Олардың ең ірі мекені Каспийдің солтүстік жағалауында, Торғай ойпатында, Теңіз-Қорғалжын ойпатында, Іле, Тентек және Қара Ертіс өзендерінің сағаларында, Алакөл ойпатының көлдерінде, Сырдария орта ағысында және сағасында, Балқаш көлінде орналасқан.

 Қыстау үшін олар Таяу және Орта Шығысқа, Жерорта теңізіне, Солтүстік Үндістанға, қызғылт бірқазандардың бір бөлігі Африкаға ұшады. Еске сала кетейік, 2020 жылғы Жыл құсы ителгі болған еді.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области