• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанда ауаны ластайтын көліктерге айыппұл артады

Фото:ҚазАқпарат

 Алматы. 13 қаңтар. Ақпараттар орталығы - Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты ауаға нормадан артық ластаушы заттар шығаратын автокөліктерге айыппұл мөлшері артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл Кодекс «ластаушы төлейді» принципіне сәйкес келеді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (334 бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес, шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері белгiленген нормативтерден асса, жеке көлік иесі 10 АЕК, заңды тұлғалар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса - жеке тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл салынады. Жаңа норма шілде айында күшіне енеді. Ал әзірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғаларға ескерту жасалады немесе - 2, қайталанған жағдайда 5 АЕК көлемінде ғана айыппұл жазылады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда 1 АЕК - 2917 теңгені құрайды.

«Сонымен бірге өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол карталары қабылданғанын, аталған құжаттарда автокөлік шығарындыларын азайту бағытында атқарылатын іс-шаралар да қарастырылғанын атап өткіміз келеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Жол картасына сәйкес, техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптар қатаңдатылады. Бұрын техбайқау пунктерін ашқысы келетін кәсіпкер ол туралы тек хабарлауға тиіс болса, енді арнайы рұқсат алуы қажет. Мұндай орталықтарға бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету де енгізіледі. Сақтандыру полисін алу кезінде техникалық байқаудан өту міндеттемесі жүктеледі. Сонымен қатар техбайқау операторының қызметін тоқтата отырып, міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту да қарастырылған», - деді Экология министрлігінен.

Айта кетейік, елімізде экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін автокөліктер техбайқау кезінде, Экология департаменттері Ішкі істер басқармасының немесе көліктік бақылау органдарының бірлескен рейдтері барысында, кәсіпорындарға жүргізілетін профилактикалық тексеру кезінде анықталады. Автокөліктен шығатын ластаушы заттар нормативтерінің сақталуын Экология департаменттері газталдағыш «Автотест», «Мета-01» және өзге де өлшеу құралдары арқылы тексереді. Еске салайық, 2021 жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексіне қол қойды.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Стабильное водоснабжение получили 18 тысяч жителей Темиртау

ru Более 113 тыс. заявок на установление инвалидности рассмотрены в заочном

ru Перевозки зерна по сети КТЖ выросли на 30% в 2025

ru О мерах по борьбе с организованной преступностью в 2025 году

ru Более двух миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала

ru Из Турции возвращена подозреваемая в мошенничестве под предлогом приобретения ювелирных

ru На крышах учебных корпусов КазНУ установлены солнечные панели

ru О результатах деятельности по противодействию коррупции в 2025 году сообщили

ru Пенсионные выплаты из ЕНПФ вырастут на 5 процентов

ru Задержан иностранный гражданин за незаконный оборот наркотиков в Алматы

ru Пирамида «HAS»: расследование продолжается

ru Почти 60 тыс. тонн готовой рыбной продукции произведено за 11

ru В Казахстане утвердили правила государственной поддержки креативной индустрии

ru На 15,1% выросли расходы бюджета на социально-трудовую сферу в 2026

ru Введены временные санитарные меры в отношении некоторых наименований чая

ru Принят новый закон о лицензировании детских лагерей

ru Молочно-товарную ферму на 1200 голов построят в Алматинской области

ru Глава государства провел рабочее совещание по Парламентской реформе

ru По итогам закупа лекарств на 2025 год сэкономлено более 85

ru Размеры пенсий и пособий увеличены в Казахстане

ru С начала зимнего сезона из Астаны вывезли более 1,6 млн

ru Смертность от рака в Казахстане за пять лет снизилась на

ru В 2025 году скорая помощь обслужила 7,4 млн вызовов

ru Подозреваемый в особо крупном мошенничестве экстрадирован из России

ru С Новым годом!

ru В Казахстане запускается система маркирования древесины

ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год

ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»

ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам

ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники