Қазақстан Сирия жөнінен XV халықаралық кездесуге қатысып жатыр
17 Февраля 2021
1429
Политика
Алматы. 17 ақпан. Ақпараттар орталығы - Ресейдің Сочи қаласында Сирия жөніндегі XV халықаралық кездесу басталды. Ол Астана форматында өтіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.
Келіссөздердің алдыңғы раунды 2019 жылы елордада өтті. Былтыр наурызда тағы өтуі тиіс еді. Бірақ індетке байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді. Сочиде Сирия жөніндегі келіссөздер басталды. Оған Астана процесіне қатысушылардың бәрі жиналды. Сирия үкіметі мен оппозияциясы, Ресей, Иран, Түркия мен Қазақстан өкілдері, сондай-ақ Иордания, Иран, Ливан және БҰҰ байқаушылары бар. Тараптар талқылайтын басты мәселенің бірі сириялық босқындар жайы болмақ. Өйткені қақтығыстар басталғалы 7 миллионға жуық сириялық өзге елдерге бас сауғалап кеткен.
Талғат Қалиев, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі:
- Мәселе Ливан мен Иорданияда жүрген босқындарға қатысты. Себебі шекара асқан сириялықтардың көбі дәл осы елдерде жүр. Сондықтан бұл мемлекеттер де Сириядағы шиеленістің тез арада шешіліп, босқындар мәселесі реттелгенін қалайды. Жиынға қатысып жатқан әр тараптың қояр сұрағы бар. Қазақстан осы процестің бастамашысы болғандықтан қатысып отыр. Бұл келіссөздер 2016 жылғы қақтығысты тоқтату туралы келісімді одан әрі нығайта түсуге бағытталған. Сонымен қатар оны Сирия үкіметі мен оппозициясының тікелей диалог құру алаңына айналдыру көзделген. Жиынға жиналғандар Қазақстанның медиатор ретіндегі ролін де атап өтті.
Александр Лаврентьев, РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі:
- Астана форматы – Сирия дағдарысын шешудегі жалғыз механизм. Іс-шараға қатысушылар ең алдымен Сирия дағдарысын саяси жолмен реттеу мәселесіне, Женевадағы конституциялық комитет жұмысына баса назар аударамыз деп келістік. Бір жылға созылған үзіліске байланысты күн тәртібінде тұрған түйткілдер өте көп. Соның бірі Идлиб аймағындағы шиеленіс. Себебі күні бүгінге дейін мұнда лаңкестік топтардың қарулы шабуылы тоқтамай тұр. Ресей сыртқы істер министрлігінің есебінше, Идлибте 34 мыңдай содыр шоғырланған.
Александр Лаврентьев, РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі:
- Соңғы үш айда Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының бұған дейін белсенділік танытпаған ұяшықтарының әрекет ете бастағаны туралы ақпарат көбейді. Бұл алаңдатаралық жағдай. Сондықтан біз зорлық-зомбылықтың жаңадан өршуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Яғни бұл топтардың көзін жоюға тиіспіз.
Дана Нұржан, тілші:
- Сонымен қатар
жиынға қатысушылар елдің қарулы қақтығыстардан кейінгі қайта қалыпқа келу
перспективаларын талқылайды. Сирия жеріндегі әскери іс-қимыл 10 жылға жуық
уақыт жалғасып келе жатыр.
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

+77772555856
Написать нам




