В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов
Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий
Қарағандылықтарға көмірді уақытылы сатып алу ұсынылды
18 Августа 2021
1269
Экономика
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 18 тамыз. Ақпараттар орталығы - Қарағанды облысында көмір сататын 34 орын бар. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен жиында өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков халыққа арналған «қара алтынның» жағдайы қандай екенін айтты. Алдағы жылу маусымына дайындық онлайн-форматта талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Бүгінде қарағандылықтар үшін көмір 1 шахта мен 9 кеніштен жеткізіледі. «Биыл көмір өндіру 23,8 млн тоннаға жуық болады деп болжанған. Бұл 2020 жылға қарағанда 5%-ға жоғары. Сонымен қатар, өткен жылы халыққа және коммуналдық-тұрмыстық көмірге 4,9 млн тонна, ал 2021 жылы 5,6 млн тонна көмір жөнелтілді», – деді Мұрат Қыдырғанбеков. Көмір өндіруші кәсіпорындарда көмірді тікелей кеніштен шығару үшін алаңдар дайындалды. Осы айдан бастап бюджеттік ұйымдар мен халық үшін жөнелтіліп жатыр. Барлығы 34 көмір сату нүктесі ұйымдастырылған. Оның 24-і – теміржол тұйықтары және 10-ы – қойма.
«Шұбаркөл көмір» компаниясы күн сайын Қарағанды облысына 19 вагоннан тиейді. Сұраныстың артуына байланысты осы айда жөнелтуді 35 вагонға дейін, ал қыркүйектен бастап 40 вагонға дейін жеткізу қажет», –деп есеп берді басқарма басшысы. Билік қыркүйек-қазан айларында дүрбелең болмас үшін тұтынушыларды көмірді қазірден бастап сатып алуға шақырады. Бұған қоса, барлық өңір бойынша жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары бақылауда қалып отыр. Облыстың барлық стансаларында негізгі және қосалқы жабдықтарда жоспарлы күрделі жөндеу жүргізіледі.
«Бүгінде 9 қазандық пен 6 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 12 қазандық пен 5 турбина жөндеуде қалады. ЖЭО-2, ҚарГРЭС-1 және Жезқазған жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары кестеден кешеуілдеп жүргізіліп жатыр», – дейді Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов. Сондай-ақ, биыл облыстың қалалары мен аудандарын газдандыру жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігімен үнемі қадағаланып отырады. Өңір басшысы барлық қалалар мен аудандар басшыларына жылу беру маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
«Бюджеттік ұйымдар үшін көмірдің уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету керек. Көмірдің бағасын бір деңгейде ұсталуына тұрақты мониторинг жүргізу қажет. Баға әзірге тұрақты, бірақ жаппай сатып алу басталғаннан кейін бағалар көтеріледі. 2017 жылы алыпсатарлық фактісін есімізде сақтаймыз, сондықтан көмір жеткізушілермен бірге оның қоймаларда, тұйықтарда және өткізу орындарында болуын пысықтау қажет», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов
ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову
ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру
ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом
ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов
ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий
ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине
ru Почему Казахстан не стал платить миллиард долларов за вступление в
ru В 2025 году казахстанцам выплачено пенсий на сумму 4 трлн
ru В Карагандинской области расширяют систему распознавания лиц для розыска преступников
ru Бухту Бертыс на озере Балхаш очистили от 6 километров браконьерских
ru Тепличный комплекс стоимостью 69 млрд тенге построит Fabe Polska в
ru В борьбе со снегом в Астане задействовано более 1300 единиц
ru Нелегалы-казахстанцы могут добровольно покинуть Южную Корею до конца февраля
ru Предстоящие конституционные реформы в Казахстане получили высокую оценку Председателя Парламентской
ru Более трех миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала
ru Казахстан наращивает экспорт продукции глубокой переработки пшеницы
ru В Национальной гвардии представили новую социальную льготу

+77772555856
Написать нам




