Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
17 Июня 2021
1378
Политика
Фото: ҚазАқпарат
Алматы. 17 маусым - Ақпараттар орталығы - Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және тұрғындарға екпе салу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда. Министрдің айтуынша, жалпы еліміздегі ахуал тұрақты, өткен айлармен салыстырғанда індет жұқтырғандардың саны екі есе қысқарған. Республика бойынша өлім-жітім көрсеткіші 2 аптаның ішінде 1,6 есе төмендеген. Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты ауруханаларда ем алып жатқан науқастардың саны азайған. 16 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекет басшысына ұсынылған мәліметтерге сәйкес COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның бірінші компоненті 2 миллион 587 мың адамға, екінші компоненті 1 миллион 480 мың адамға салынған. Күн сайын шамамен 80-100 мың адамға екпе егіледі. Өңірлерде вакцина тапшылығы жоқ. Вакцина кестеге сәйкес жеткізілуде. Қасым-Жомарт Тоқаев халықты вакциналау мәселесіне назар аударып, өңірлер бойынша аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Президент екпе егу коронавирус індетін еңсерудің бірден-бір жолы екенін еске салып, халықты Қазақстанда қолжетімді вакциналарды белсенді түрде салғызуға шақырды. Мемлекет басшысы дәрігерлерді қорғау мәселесіне арнайы тоқталды. Оның пікірінше, медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Осы орайда дәрігерлердің мәртебесін айқындаудың және оларды ынталандырудың кешенді жүйесін енгізу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға медицина қызметкерлерінің мәртебесін қолдау жөніндегі заңнамалық бастамаларды пысықтауды тапсырды.
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

+77772555856
Написать нам




