Оңтүстік Қазақстанда пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жиілеп кетті
25 Марта 2016
1915
ЗаңсызӨндіру,
ОңтүстікҚазақстан,
ПайдалыҚазбалар
Алматы. 25 наурыз. Ақпараттар орталығы. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жағдайлары жиілеп отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Аталмыш мәселе бойынша жұмыстар өзендердің су қорғау аймақтарында, орман және ауыл шаруашылығы жерлерінде жүргізіліп жатыр. Құқық бұзушылардың мұндай іс-әрекеттері тек мемлекеттің материалдық мүддесіне ғана емес, жергілікті аймақтың экологиялық қауіпсіздігіне де теріс әсерін тигізуде», — делінген әкімдік хабарында.
Хабарда айтылғандай, заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату мақсатында, облыстың барлық аудан, қала әкімдіктерінде жұмысшы топтар құрылып, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен заңсыз өндіру фактілері анықталған жағдайда ауыл және аудан әкімдіктерінің, экология департаментінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің іс-қимылдары анықталып көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сонымен, алғашқы рейдттік шара аясында «Бозарық» айналма жолының бойынан топырақты заңсыз алып жатқан 3 факті анықталды. 2015 жылы 13 заңсыз жер қойнауын пайдалану деректері анықталып, әкімшілік және қылмыстық шаралар қолға алынды. Жинақталған құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін аудандық ішкі істер бөлімшелеріне жолданып, оның 10-на қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілсе, үшеуіне қылмыстық іс қозғалып, кейіннен қысқартылған.
Одан басқа, 2015 жылы аудандық, қалалық ішкі істер басқармасының және аудандық прокуратураның талап хаттары негізінде облыстық экология департаментімен заңсыз жер қойнауын пайдалану бойынша 24 тұлғаға 1 млн. 882 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды және оның 991,0 мың теңгесі мемлекеттік бюджетке өз еркімен өндірілді.
Заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату бойынша заңнаманың тиімділігін арттыру үшін облыс әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметіне қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістерді енгізуге қылмыстық іс қозғау үшін келтірілген залал мөлшерін азайтуды, құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттарын, яғни қазу техникасы мен жүк көліктерін тәркілеу және құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттарын меншік құқығына қарамай тәркілеу бойынша ұсыныстар берілді.
«Биылғы жылы да, қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқан заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату мақсатында аудан, қала әкімдері мен жаңадан құрылған жергілікті полиция қызметі бұл мәселені бақылауға алып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау бойынша, облыс аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен рейдтік шығулар ұйымдастыруда», — деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Более 1 300 единиц спецтехники задействованы в снегоуборке в Астане
ru Жаслан Мадиев провел встречу с руководством Mitsubishi Corporation в Токио
ru Спецподразделение «Бүркіт» Национальной гвардии осваивает FPV-дроны
ru В Астане открылся высокотехнологичный Эндоскопический центр
ru Мошенники меняют тактику: жертвы сами выходят на контакт
ru Глава государства провел встречу с Императором Японии Нарухито
ru К завершающему этапу близится строительство двух новых водохранилищ в Туркестанской
ru 749 млрд тенге выплачено в 2025 году казахстанцам в виде
ru В Алматинской области за 9 месяцев отремонтировано 154 км дорог
ru Свыше 1 400 единиц спецтехники задействованы в снегоуборочных работах в
ru Минздрав внедряет новую электронную систему управления ресурсами
ru Казахстанские вузы расширяют сотрудничество с ведущими университетами Китая
ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане
ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП
ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности
ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи
ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц
ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде
ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау
ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли
ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов
ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с
ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция
ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии
ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%
ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей
ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК
ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок
ru Спасатели обратились к астанчанам
ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

+77772555856
Написать нам




