• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде

Фото:Хабар 24

Алматы. 22 ақпан. Ақпараттар орталығы  -  Арық-науа желілерін, нөсер кәрізі жүйесін тазарту, сол сияқты нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қорғау бөгетін реконструкциялау секілді шаралардың кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қалада су тасқынының қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды. Су тасқынына қарсы шаралар әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Жиынға ТЖД, «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК өкілдері, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелер және т.б. қатысты. Осылайша, Астана су қоймасының жоспарлы жұмыс кестесі бекітілді. Өткен жылдың күзінен бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су жинайтын құрылғысы бар қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл реттегіштің өткізу қабілетін арттырады. Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Қарды уақтылы тазалау ерекше бақылауға алынды. Бүгінгі таңда қала аумағынан 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды. Күн сайын қаланы санитарлық тазалауға 1100 бірлік арнайы техника мен 2 мың жол жұмысшы шығады. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша топырақтың қату тереңдігі73 смқұрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% артық. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қорғаныс бөгетін қайта құру бойынша Контрреттегіште жүргізіліп жатқан жұмыстарды ерекше бақылауға алуды, Майбалық көлінен Нұра-Есіл арнасына дейінгі аралықта тазарту жұмыстарын бастауды, тұрғын үй алаптарына ерекше назар аударуды тапсырды. «Өткен жылы жауын-шашын көп болды, су тасқынына қарсы шаралар бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп, су басудың алдын алды. Биыл жер қыртысының қатуы тереңірек екенін ескеру қажет. Сондықтан су басу қаупін азайту қажет. Қаланың тұрғын үй алаптарына ерекше назар аудару керек», - деп атап өтті елорда әкімі.

Источник: Хабар 24

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области