• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Нұр-Сұлтанда жаңа ұлттық балет ұсынылмақ

Фото:Астана опера

Алматы. 4 қараша. Ақпараттар орталығы -  12 және 13 желтоқсанда ұсынылатын Т.Қажығалиевтың музыкасына атақты хореограф Патрик де Бананың қойылымындағы «Дала үні» жаңа ұлттық балеті Қазақстанның мәдени өмірі үшін елеулі оқиға болмақ, деп хабарлайды Хабар24.

 «Астана Опера» театрының баспасөз қызметінің мәліметінше, қоюшы дирижер – Абзал Мұхитдин, либретто авторы – танымал қазақстандық кинорежиссер, сценарист, ақын Бақыт Қайырбеков, хореографиялық либретто адаптациясының авторы – Жан Франсуа Вазель.

 – Біз бұл маусымда осымен екінші премьераны дайындаудамыз, бұдан басқа жыл соңына дейін жаңа толық ауқымды опералық спектакль қою жоспарымызда бар. Пандемия кезінде театрдың қарқыны жаман емес деп есептеймін. «Дала үні» ұлттық балеті – бұл қазақстандық және шетелдік қойылым командасының тың ойларының тандемі. Әдетте, пікірлестер жиналған жерде шығармашылық туындайды, ал біздер орасан зор ойларды өмірге әкеліп жүрген жоғары деңгейлі кәсіпқойларды таңдап алдық деген ойдамын. Залдарда дайындық жұмыстары басталып кетті, труппа толықтай жұмысқа жүктелген, театр цехтарында костюмдер тігілуде, декорациялар мен бутофориялар жасалуда. Премьера өте қызықты өтетініне, көрермендерімізді түңілдіріп алмайтынымызға сенімдімін, – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» директоры Ғалым Ахмедьяров. 

Ержүрек сәулетшіге қанат бітірген арман туралы өсиет әңгіме заманауи хореография тілімен жеткізілетін болады.

– Бұл балеттің бірінші бөлімі ұлттық би элементтерінен құралған дәстүрлі болып келеді, ал екінші бөлімі стильге бағындырылған әрі әсем қала өмірін көрсетеді. Ұлттық қимыл-қозғалыстар маған шабыт береді, мен оларды зердейлеймін де, өз әлеміме енгіземін, кейін өзімнің икеміме сай сәл өзгертіп, бейімдеймін. Хореография жасаған кезде мен үшін музыка әрдайым бірінші орында тұрады. Аталған спектакльде біз Т.Қажығалиевтың музыкасын пайдаландық, ол өте ыңғайлы, себебі әуел баста балетке арнап жазылған. Аталмыш шығарманың мен пайдаланған бес бөлімі С.Рахманиновтың, И.Стравинскийдің туындыларын есіме салады, – деді қоюшы хореограф Патрик де Бана.

Балетмейстердің пікірінше, қазіргі жастар аға буын өкілдері тәрізді көркем ойлау қабілетінен айырылып барады. Оның мақсаты – жұртшылықты өнерге тарту әрі оларға өнерге қатысты болуға, өз жұмысының бөлшегі болуға мүмкіндік беру. Балетмейстер үшін көрермендердің шымылдық түрілгеннен кейін спектакльді көріп, қол шапалақтап, сосын кетіп қана қоймай, олардың бәрін сезініп, ой толғап, өздеріне тән сюжет таба білгендері маңызды.

Қойылым тобына сондай-ақ асқақ өнер әлемінің хас шеберлері енген: Рикардо Санчес Куэрда – декорациялар бойынша суретші, Стефани Бауэрле – костюмдер бойынша суретші, Карлос Пино-Кантана – композитор-әрлеуші, Джеймс Ангот – жарық бойынша суретші. Дариға Тайшықова – костюмдер бойынша суретшінің кеңесшісі, Ұлтай Ерденбекова – жарық бойынша суретшінің кеңесшісі, Алина Үсенбаева – сценографияны басқару, Серік Басбаев, Зарина Аймұханова – грим бойынша суретшілер.

Источник: Хабар24

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области