Маңғыстауда жолаушылар пойызы газ тасымалдаушымен соқтығысты
29 Января 2016
1678
Маңғыстау,
Пойыз,
Соқтығыс
Алматы. 29 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Маңғышлақ-Бейнеу учаскесінің өткелінде автокөлік жүргізушісінің кінәсінен жолаушылар пойызы соқтығысты, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, 28 қаңтарда сағат 16.30-да Маңғышлақ-Бейнеу учаскесінің №6 разъезі ауданында орналасқан өткелде «Маңғышлақ-Алматы» бағытындағы №377 жолаушылар пойызы автокөлік жүргізушісінің кінәсінен соқтығысты.
Машинсттің айтуынша, автокөлік өткел алдында тұрған. Сосын көлік жүргізушісі пойызға жақын жерде күтпеген жерден жылдамдықты қосып жіберген. Сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен келе жатқан пойызды тоқтату үшін машинист шұғыл тежегішті басқанымен, бірақ ара қашықтық тым қысқа болғандықтан соқтығысуды болдырмау мүмкін емес еді.
Хабарда түсіндірілгендей, газ цистернасын алып бара жатқан автокөлік «ҚарақұдықМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі.
Оқиға салдарынан локомотивтің бірінші секциясы зақымданған. Автокөлік жүргізушісі мен машинистің көмекшісі зардап шеккен.
Хабарда айтылғандай, өткелдегі дабыл беру құралы жұмыс жасап тұрған. Өрт орын алмаған, қаза тапқандар да жоқ.
Соқтығысу салдарын жою бойынша жұмысты тексеру және ұйымдастыру үшін оқиға орнына Маңғыстау жол бөлімшесі кәсіпорынының басшылары шығып кеткен.
Сонымен қатар, баспасөз қызметі хабарлағандай, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының машинисі Арап Ағатаев майысқан локомотив кабинасынан шығып, тепловоздың секциясын ажыратып, екінші секциясымен жолаушылар пойызын қауіпсіз жерге жеткізген.
«Мен сол сәтте тек өзім алып келе жатқан жолаушылардың қауіпсіздігін ойладым. Басқа ештеме ойыма келмеді. Ол мен үшін ең бастысы болды» — деді машинист.
«Мен өзім жеке құрамды аралып шығып, 287 жолаушының ешқайсысының зардап шекпегеніне көз жеткіздім. Жол серіктер жолаушыларды жолдағы жағдай туралы әркез хабардар етіп отырады, қажеттіліктерін сұрайды, мейрамхана-вагоны да жұмыс жасайды», — деді пойыз бастығы Бибіажар Құлыбаева.
Хабарда айтылғандай, локомотив ауыстырылғаннан және қозғалыс қалпына келтірілгеннен кейін сапарларын жалғастырды.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




