АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете
В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в многоэтажке
Погодные условия на республиканских автодорогах
Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие
АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных медклиник
Мәжіліс депутаты медициналық сақтандыру қорына қатысты мәселе көтерді
07 Апреля 2021
1327
Социум
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 7 сәуір. Ақпараттар орталығы - Мәжілістің жалпы отырысында депутат Гүлдара Нұрымова медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сай, елдің 19 млн-ға жуық тұрғыны бүгінде 15 850 000 адамы немесе 84%-ы сақтандырылған. Бірақ олардың 11 195 887-і немесе 59,2%-ы мемлекет төлейтін жеңілдік санатына кіретін азаматтар (балалар, мүгедектер, көп балалы отбасылар және т.б.). «Ал, қалған 7 млн экономикалық белсенді халықтың 3 млн. яғни, жартысына жуығы сақтандырылмаған. Демек, бұл адамдар қорға аударымдар жүргізбейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар», - дейді Г.Нұрымова. Сондай-ақ, депутат осы себептен толыққанды медициналық көмек ала алмай, бұл көбінесе асқынған ауруларға, өлім-жітімге, оның ішінде онкология, туберкулез және т. б. сияқты созылмалы және әлеуметтік мәні бар ауруларды кеш анықтауға алып келетінін айтты. Егер осы 3 миллион сақтандырылмаған адамның біреуі 2021 жылы медициналық көмек алғысы келсе, ол 2020 жылға жарна аударуы керек, бұл, әрине, көпшілік үшін қол жетімді емес. Сақтандырылмаған халықтың көп бөлігі Алматы, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тиесілі. Осы ретте, депутат көбінесе сақтандырылмаған науқастарға, тіпті оқыс жағдайларда да, толыққанды медициналық көмек көрсетуден бас тартатынын жеткізді. Мысалы, Алматыда сақтандырылушы мәртебесінің болмауына байланысты ауруханаға жатқызудан шұғыл емделушлерден бас тартқан. Осы ретте, емделушілердің заңды құқықтары бұзылған, бірақ бұл үшін ешкім жауап берген жоқ! Сонымен қатар, көбінесе медициналық ұйымдар шиеленісті жағдайды азайту үшін өз қаражаты есебінен халыққа медициналық қызмет көрсетуге мәжбүр болады, бірақ, кейіннен оларды ешкім өтемейді. Бірақ іс жүзінде медициналық ұйымдар тіпті сақтандырылушыларға Қор белгілеген айлық жоспарлы бюджеттің шектелуіне байланысты бас тартуға мәжбүр. Мысалы, аурухана ай сайынғы жоспарға сәйкес 100 науқасты емдеді, ал 101-ші мұқтаж адамға көмек көрсетуден бас тартылады, өйткені айлық лимит таусылды. Тағы бір маңызды мәселе. Мемлекет Басшысы медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру туралы тапсырма берді. 2021 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын 30% - ға және орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20% - ға арттыру көзделіп отыр. Дегенмен, жыл басынан бері 74 мыңнан астам дәрігер мен 180 мың медбике жалақыны көтеру тетігін реттейтін бекітілген нормативтік құжаттардың болмауына байланысты жоғары жалақы алған жоқ. Бұл медицина қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленісті тудырып, медициналық ұйымдарға жалақыны көтеруге қосымша қаражат бөлінген жоқ. Осыған байланысты, жоғары жалақы қандай қаражаттан төленуі керек? – деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар, Г.Нұрымова жыл басында қаржыландырудың жыл сайынғы кідірісі де дәстүрге айналғанын атап өтіп, бір апта бұрын ғана қаңтар айындағы медициналық қызметтер қаржыландырылғанын алға тартты. Осы айтылғандарды ескере отырып, депутат бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтқанда, біріншіден, төлем қабілетсіздігін, коронавирустық пандемияға байланысты халықтың табысының төмендеуін ескере отырып, 2020 жылға жарналарды төлеуді талап етпеу керек, ал қорға аударымдарды тоқсан сайын немесе жарты жылға бөлу керек. Екіншіден, «Ақша емделушіге түседі» қағидаты толығымен жұмыс істеуі үшін медициналық ұйымдарды қаржыландыру іс жүзінде жүзеге асырылады, дәрігер мен медициналық ұйымды таңдаудағы халықтың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін айлық бюджетпен шектелмейді. Үшіншіден, әкімдіктердің, жұмыспен қамту орталықтарының, «Атамекен» ҰКП-ның, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты сақтандыру жөніндегі мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет.
ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции
ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете
ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в
ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000
ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в
ru Погодные условия на республиканских автодорогах
ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие
ru В Сарани готовят к запуску новые заводы
ru Глава государства подписал новый Закон о банках
ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»
ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья
ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР
ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для
ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры
ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных
ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию
ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг
ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на
ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку
ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в
ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев
ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит
ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы
ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане
ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в
ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО
ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены
ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог
ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

+77772555856
Написать нам




