• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Коронавирус жұқтыру жағдайының тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды - Асқар Мамин

Алматы. 4 тамыз. Ақпараттар орталығы -  Елімізде коронавирустық инфекция тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2 пайыздан аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жалпы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. Коронавирустық инфекция тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2 пайыздан аспайды. Қазіргі уақытта емделіп шыққан адамдар барлық ауру жұқтырған адамдардың 69,4 пайызын құрайды. Қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша апта қорытындысында инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден төмен келесі облыстарды атап өтуге болады. Олар - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары», - деді Премьер-Министр. Сонымен қатар Үкімет басшысы инфекцияның репродуктивтік деңдейі Қостанай мен Ақмола облыстарында 1-ден жоғары тіркелгенін атап өтті. «Бұл өңірлердің әкімдері эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударуы қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек»,- деді Асқар Мамин. Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда әлемдік статиститка 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отыр. «Індеттің жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болумыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралардың кешенін іске асыру қажет», - деді ол.




Источник: ҚазАқпарат

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения

ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину

ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота

ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции

ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании

ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем

ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов

ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной

ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре

ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

ru Сменился пресс-секретарь президента

ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025

ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе

ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей

ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”

ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову

ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру

ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом

ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций

ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов

ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий

ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля

ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в

ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025

ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы

ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем

ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу

ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине