Көлік ұрлығы. Депутаттар шанақ пен қозғалтқыш номерін тексеруді қайтаруды ұсынды
03 Ноября 2020
1169
Социум,
Транспорт
Фото:Хабар 24
Алматы. 2 қараша. Ақпараттар орталығы - Биыл сегіз айда елде мың жеті жүзден астам көлік ұрланды. Ұшты-күйлі жоғалған темір тұлпардың тек 250-ге жуығы ғана табылып, иесіне қайтарылған, деп хабарлайды Хабар 24.
Қалғанының өзі де жоқ, ізі де жоқ. Көлік ұрлығының көбейіп, табылу деректерінің азаюына не себеп? Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шанақ номерін тексеру қызметі қайта енгізіле ме? Көліктің шанағы мен қозғалтқыш номерін тексеру қызметін қайта енгізу керек. Мәжіліс депуттатары үкіметке осындай ұсыныс жасады.
Депутаттардың айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы бұл қызметті алып тастау көлік ұрлығының көбеюіне себеп болды. Ақпаратты санмен нақтыласақ. Былтыр Қазақстан аумағында 1490 көлік ұрланып, 671-і ғана табылды. Ал биыл сегіз айда 1 мың 733 темір тұлпар қолды болды. Әзірге тек 240-қа жуығы ғана табылған.
Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2018-2019 және биылғы жылы көліктің шанақ номерін, қозғалтушы номерін, мотор мен кузов дейді ғой. Соны тексеру қазір жоқ. Басында ондай шешім халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын тездету мақсатында жасалған болатын. Оның екінші жағы көлік ұрлауға және табылмауына себеп болып отыр. Кейінгі 2 жыл сегіз айдың ішінде 2 млн 300 мыңнан астам адам қайтадан тіркелген. Екінші тіркелуден өткен. Олардың біреуінің де шанағы да, қозғалтқышы да тексерілмеген. Сондықтан оның ішінде жоғалған автокөліктердің болуы әбден мүмкін.
Биылдың өзінде елордада көлік ұрлаудың 94 дерегі тіркелді. Дегенмен, бұл былтырмен салыстырғанда 30 процентке аз көрсеткіш. Қазір қылмыстық істің 77-сі ашылды. Жоғалған 17 көлік табылған. Бірақ ұры жоқ. Көп жағдайда сұғанақ қолдар темір тұлпарды тонап, қаңқасын ғана қылдырып кетеді. Полицейлердің айтуынша, ұрлықтың 70-80 процентіне тұрғындардың көлікті ашық қалдыруы себеп.
Әсет Талапбеков, қалалық ПД мүліктік қылмыстарды ашуға қарсы бөлімінің бастығы:
- Қыстың күні машинаны қыздырып, кілтімен қалдырады ашық түрде. Ұсталатын азаматтардың көбі ішімдік ішкен, сондай азаматтар ұсталады бізде көп. Алдын ала дайындалған ол қымбат көліктерді айдап әкетеді. Оған жоғары технологиялық техниканы пайдаланады. Алдын ала кету жолдарын анықтайды. Басқа облыстарға, басқа елдерге өтіп кету бар бізде практика көрсетеді біздерде оны. Өткен жылы бізде жоғалған 12 автокөлік табылмады. Бірақ бізде былтырмен салыстырғанда арызданушылардың саны 30 процентке азайды. Өйткені профилактика жұмыстар жүріп жатыр. Бейнекамералардың көмегі көп тиіп жатыр.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлік ұрлығына немесе жоғалған көлікті табуға шанақ номерін тексеру қызметі маңызды емес. Мұны тәжірибе көрсеткен.
Дмитрий Демидов, қалалық полиция департаментінің басқарма бастығы:
- Бұған дейін шанақ номерін тексеру қызметі болған кезде Ішкі істер министрлігі сараптама жүргізді. Әрине құжаттағы номер мен шанақ нөмірі сәйкес келмейтін бірнеше көлік анықталды. Жалған номерді көбіне шетелде жасатып келеді. Сондықтан бұл қызмет біздегі қылмыстарды ашуға немесе жоғалған көлікті табуға айтарлықтай көмек берген жоқ. Сондықтан министрлік бұл қызметті тиімсіз деп шешті.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда биыл шанақ номерін заңсыз өзгерту туралы бір де бір дерек тіркелмеген. Ал бұл қызмет түрін алып тастау көлікті қайта тіркеу кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті толықтай автоматтандыруға мүмкіндік берген. Сондықтан алданып қалмау үшін әркім өзіне бекем болып, өз көлігінің шанақ нөмірін мұқият тексергені абзал.ru В Астане на футбольный матч между сборными Казахстана и Бельгии
ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 49,6 тыс.
ru Инвестиции в туризм Алматы выросли до 113 млрд тенге за
ru Около 3000 дорожных рабочих вышли на уборку снега с утра
ru Восточно-Казахстанская и Омская области подписали меморандум о сотрудничестве
ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев направил письмо Президенту России Владимиру Путину
ru Гвардеец сорвал попытку проноса 10 телефонов в колонию
ru Турецкий Nata Holding инвестирует в развитие Алматинской области
ru Порядка 284 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с
ru Столичные психологи будут оказывать помощь подросткам, оказавшимся в критической ситуации
ru В Астане 101 и 112 объединились: запущена единая система экстренного
ru 14-15 ноября Касым-Жомарт Токаев посетит Узбекистан
ru В Казахстане внедрят технологии улавливания углерода и сокращения выбросов метана
ru Современный цех по производству верблюжьего молока открылся в Мангистауской области
ru Материалы антимонопольного расследования в отношении «Жезказган-Эйр» передаются в АФМ
ru Браконьеры с крупным уловом задержаны на озере Балхаш
ru В сёлах Карагандинской области построено 92 медицинских учреждения
ru Служебная собака обнаружила гашиш в авто в столице
ru Цифровой сервис Минэнерго сократит риск аварийности в отопительный сезон на
ru Более 28 тысяч школьников прошли профориентационный тест на платформе Mansap
ru Более 362 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek
ru 1-я встреча министров сельского хозяйства стран Центральной Азии прошла в
ru В Мангистау предотвращено необоснованное расходование бюджетных средств на сумму 9
ru АФМ закончило расследование незаконной регистрации авто в Алматы
ru Армия переходит на новые технологии
ru Более 25 тыс. лицам с инвалидностью оказаны меры содействия занятости
ru Продкорпорация и ПРООН запускают проект по финансированию аграриев
ru Почти 3 000 коммунальщиков вышли на уборку снега в Астане
ru Карагандинские археологи нашли нетронутое погребение сакского воина

+77772555856
Написать нам




