Климаттың өзгеруі: болжамдар жаға ұстатады
16 Августа 2021
1125
Погода,
Наука
Фото:InoSMI
Алматы. 16 тамыз. Ақпараттар орталығы - БҰҰ 2015 жылы климат бойынша Париж келісімін қабылдаған еді. Оның басты мақсаты – парниктік газдардың мөлшерін азайту. Бұл туралы «Әлем» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Хабар 24.
Соның арқасында 2100 жылға дейін әлемде орташа жылдық температураның 2 градустан артық көтерілуіне жол бермей, көрсеткішті 1,5 градус шамасында ұстап тұру көзделген. Алайда ғалымдар бұл көрсеткішке 80 жылдан кейін емес, алдағы 20 жыл ішінде жетуіміз мүмкін екенін ескертіп отыр. Ондай жағдайда аптап ыстық жиілей түседі. Жылы мезгілдер ұзарады. Тиісінше мұздықтар тез еріп, су басу қаупі арта түседі. Теңіз экожүйесі бұзылады.
Боб Копп, Жер, мұхит пен атмосфера туралы ғылымдар институтының директоры: - 2050 жылға таман теңіз деңгейі 15-30 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін. Сорақысы сол – ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін азайтқан күннің өзінде де біз осындай жағдайға тап болуымыз ғажап емес. Бұл да – жаһандық жылынудың әсері.
Сарапшылар: «Жаһандық жылынудың ең басты себебі – адамның іс-әрекетімен байланысты», – дейді. Мәселен бір ғана орман өртін алып қарасақ, Италияда биыл жазда тілсіз жаудың 70% адам қолымен жасалған. Көбінде от қасақана қойылыпты. Тек 2% ғана найзағай түсуі секілді табиғи жағдайлардан болған.
Джон Совен, Жаһандық жылыну жөніндегі компанияның атқарушы директоры: - Ғалымдар не істей алады? Олар баяндамалар дайындайды. Алайда әлемді құтқарып қала алмайды. Олар тек болып жатқанды түсіндіріп, не боларын болжайды. Жаһандық жылынумен күресте түрлі елдердің билігі әрекет ету керек. Мәселен ауаға бөлінетін зиянды заттардың төрттен бірі Қытайдың үлесінде. Бірақ Қытай билігі әрекет етпесе, біз өз бетімізбен бұл мәселені қалай шешеміз?
Негізі сарапшылар жаһандық жылынудың салдары қазірдің өзінде байқалып отырғанын айтады. Мысалға Еуропадағы орман өртін келтіреді. Ол Италия, Түркия, Грекия халқын әбігерге салды. Негізі Грекияда жылда орман өртенеді. Алайда биыл кейінгі 35 жылда болмаған аптап тіркелді. Бұл тілсіз жаудың өршуіне қолайлы жағдай жасаған. Италияда жуырда термометр бағаны 48,8 градусты көрсеткен. Кейбір мамандар мұндай температура Еуропада алғаш рет тіркелгенін айтады. Баяндама авторларының айтуынша, бұрындары аптап ыстық 50 жылда бір болса, қазір 10 жыл сайын қайталанады екен. Егер орташа температура бір жарым градусқа артса, бұл құбылыс 7 жыл сайын тіркелетін болады. Жаһандық жылынудың әсері АҚШ-та да байқалып отыр. Мәселен, Калифорнияға мәңгі қуаңшылық қаупі төніп тұр. Құрғақшылық мәселесі Қазақстанды да айналып өтпеді. Салдарынан мал шаруашылығы қатты зардап шегіп отыр. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жем-шөпті басқа елдерге шығаруға тыйым салынды. Осы ретте еліміздің батысындағы жағдай жаһандық жылынудың бір көрінісі емес пе деген сауал туындайды. Бұл жайында мамандар былай дейді.
Сабыр Асылбеков, климаттың өзгеруі жөніндегі маман: - Бұл жағдай әрине, аномалды болып табылады. Бірақ ол кездейсоқ жағдай емес. Себебі температураның жоғарылауы жыл сайын байқалып отырады. Бізде Қазгидрометтің деректері бойынша Қазақстанда әр 10 жыл сайын температура 0,2 - 0,3 градусқа артады, әрбір 10 жыл сайын. Бірақ Батыс Қазақстанда ол көрсеткіш – 0,38 градус. Елде климаттың өзгеру салдарлары байқалады. Бірінші кезекте ол – мұхиттағы шағын аралдар.
Ғалымдар бәріне ең алдымен адамзат кінәлі екенін айтады.
Сондықтан мәселені шешу де өзіміздің қолымызда. Сарапшылар Париж келісіміне қол
қойған тараптар құжаттағы міндеттемелерді бұлжытпай орындау керектігін айтып
отыр. Негізі келісімде бұл үшін айыппұлдар қарастырылмаған. Бірақ кейбір
сарапшылар тиісті жаза қолдану климатың өзгеруімен күресте айтарлықтай нәтиже
беретінін айтады. Мәселен Францияда енді темекі өнімдерін өндірушілер жыл сайын
мемлекеттік бюджетке 80 миллион еуро төлейтін болады. Қомақты ақша көшеде
жатқан тұқылдарды жинауға жаратылады. Негізі тұқылдарды арнайы бөлінген орынға
тастамағандаға да айыппұл қарастырылған. Осылайша қоршаған ортаның ластануы
үшін темекі шегетін адаммен қатар өндірушілер де жауапқа тартылатын болады.
ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане
ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП
ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности
ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи
ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц
ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде
ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау
ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли
ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов
ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с
ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция
ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии
ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%
ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей
ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК
ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок
ru Спасатели обратились к астанчанам
ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением
ru Учащихся начальных классов столичных школ перевели на онлайн-обучение
ru В Актюбинской области по проекту «Серебряный возраст» трудоустроены 1 225
ru Рыбная отрасль демонстрирует рост
ru Мясная ярмарка «Соғым-FEST» вновь пройдет в эти выходные в Астане
ru Глава государства подписал Указ «О некоторых вопросах цифровизации в Республике
ru Президент принял председателя совета директоров Qarmet
ru Более 13 млн рецептов на лекарства выписано через «социальный кошелек»
ru 70-летнему покупателю вернули деньги за неработающий телефон с Wildberries
ru Казахстан усиливает производство автомобилей
ru Глава государства принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова
ru Назначены послы РК в Чехии, Нидерландах и Люксембурге
ru Казахстан и Индонезия отмечают 32 года дипломатических отношений

+77772555856
Написать нам




