• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын қалай қолдауға болады

Алматы. 11 ақпан. Ақпараттар орталығы. Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саясаттың басымдығы бар міндеті жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашу болып саналатынына назар аударды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, осыған байланысты 2016 жылы Үкіметтің арнаулы резервінен қосымша 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлу тапсырылды.
«Аталған қаражаттың 63 миллиард теңгесі маңызы арттырылған Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға бағытталады. Ол 2009-2010 жылдардың Жол картасындағыдай әлеуметтік инфрақұрылымды және Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу ісін, шағын несие беру ауқымын ұлғайтуды, жұмысшы жастар үшін жатақханалар салуды, сондай-ақ жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтау жөніндегі шығындарын субсидиялау ісін қамтиды», — делінген хабарда.
«Бұл 60 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға, соның ішінде мыңға жуық инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру арқылы 18 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, шағын және орта бизнес нысандарына жетіспей жатқан инфрақұрылым желісін тарту үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қосымша 15 миллиард теңге бөлуге тапсырма берілді.
Қазақстан Президенті дағдарыс уақытында отандық экономиканы қолдауға елеулі қаражаттың бөлінуі Ұлттық қорды дер кезінде құрудың, зейнетақы жүйесін және жалпы экономиканы реформалаудың, сондай-ақ теңгенің еркін бағамына көшудің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
«Аталған шараларды жүзеге асыру үшін бөлініп отырған қаражатты толықтай және тиімді игеру 2016 жылы экономикалық белсенділікті арттырып, жұмыспен қамту ісіне қолдау көрсетіп, экономика өсіміне 1 пайызға дейін үлес қосуды қамтамасыз етеді», — деді мемлекет басшысы.
Қалыптасып отырған сыртқы жағдайды ескере отырып, Үкіметке қаражаттың жұмсалуын қатаң қадағалауды қамтамасыз ету тапсырылды. Мемлекет басшысы өңірлердегі берілген тапсырмалардың орындалуының маңыздылығына, сондықтан облыстардың әкімдері бөлініп жатқан қаражаттың тиімді игерілуін қадағалау үшін қолда бар барлық ресурсты жұмылдыруға тиістігіне назар аударды.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане

ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП

ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности

ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи

ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц

ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде

ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау

ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли

ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов

ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с

ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция

ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии

ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%

ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей

ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК

ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок

ru Спасатели обратились к астанчанам

ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

ru Учащихся начальных классов столичных школ перевели на онлайн-обучение

ru В Актюбинской области по проекту «Серебряный возраст» трудоустроены 1 225

ru Рыбная отрасль демонстрирует рост

ru Мясная ярмарка «Соғым-FEST» вновь пройдет в эти выходные в Астане

ru Глава государства подписал Указ «О некоторых вопросах цифровизации в Республике

ru Президент принял председателя совета директоров Qarmet

ru Более 13 млн рецептов на лекарства выписано через «социальный кошелек»

ru 70-летнему покупателю вернули деньги за неработающий телефон с Wildberries

ru Казахстан усиливает производство автомобилей

ru Глава государства принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова

ru Назначены послы РК в Чехии, Нидерландах и Люксембурге

ru Казахстан и Индонезия отмечают 32 года дипломатических отношений