• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағындағы бетон құрылыстар алынады

Алматы. Тамыз 11. Ақпараттар орталығы - Қоғамдық кеңес Іле Алатауы ұлттық паркіндегі экотуризмді орнықты дамыту жұмыстарымен танысты, деп хабарлады «Хабар 24».

«Туранга групп» компаниясының директоры Александр Гужавин бүгінгі күні қандай жұмыс жасалғанын баяндады. «Автотұрақ жасалып, спорт алаңы орнатылды. Сонымен қатар бізде алғашқы қоғамдық әжетхана құрастырылуда. Сапарлау орталығы, нысандардың барлығы геобұрандамен салынуда. Біз нысандарды тұрғызу кезінде бетон қолданбаймыз, қазаншұңқыр қазбаймыз. Келесі аптада қоғамдық әжетхананы тазарту жүйесін орналастыру дайындығын бастаймыз. Олардың 5-еуі ерлерге, 5-еуі әйелдерге, 2-еуі қозғалысы шектеулі адамдарға арналған», - дейді А.Гужавин. Оның айтуынша, бұрынғы жерді жалға алған адамдардан қалған бетон құрылыстың бәрін компания алып тастауды ұйғарған. Олардың орнында қоғамдық көлік аялдамасы пайда болады. Мониторингілеу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Аюсай сапарлау орталығын құрастыру кезеңімен танысып, «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебіне барды. Жақын арада «Туранга групп» командасы «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебімен бірге жаңа екі жаяу жүргінші жолын салуды жоспарлауда. Бірінші жол «Жас қайың» деп аталады. Онымен кішкентай баласы бар ата-аналар мен үлкен кісілер қыдырады. Екінші жол қозғалысы шектеулі келушілерге арналған. Келешекте жылдам қозғалатын мүгедектер арбасы да сатып алынуы мүмкін. Еске салсақ, ұлттық парк жанындағы қоғамдық кеңес құрамына 19 адам кіреді. Олардың арасында туристік ұйым өкілдері, ғалымдар, спортшылар, кәсіпкерлер, экобелсенділер, қоғам қайраткерлері бар. Жоба шеңберінде 155 шақырым жаяу жүргінші жолын салу жоспарлануда. 7 сапарлау орталығы салынған соң келушілер ұлттық парк туралы ақпарат ала алады. Этноауыл, кемпинг, шатырлар лагері, 10-15 нөмірлік глэмпинг (таудағы тұрақ) пен бір караванинг (автоүйлермен саяхаттаушыларға арналған жабдықталған автотұрақ) салынады.

Источник: Хабар 24

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области