Ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға қолдануды тыю қажет
Алматы. 1 сәуір. Ақпараттар орталығы. Ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға қолдануды тыю жөніндегі халықаралық келісім мен БҰҰ реестрін әзірлеген жөн, деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесуінде, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Орталық Азияда ядросыз аймақ құру арқылы біз орнықты әлем географиясын қалыптастыруға шақырамыз. Бұл – Еуразияда, Латын Америкасында және Африкада алты ядросыз аймақ кеңістігін кеңейту деген сөз. Төмен байытылған уран банкін Қазақстанда орналастыру туралы МАГАТЭ-мен келісімге 2015 жылы қол қойылуы маңызды қадам болды. Бұл – жаһандық ауқымдағы оқиға. Әлем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатқа пайдалану ісіндегі маңызды шара ретінде бағалауы тиіс», - деді Н. Назарбаев.
Ол ажал себетін қаруларды ғарыш кеңістігінде, әлемдік мұхит табаны мен бейтарап суларында, сондай-ақ Арктикада орналастыруға тыйым салатын іргелі шешімдер қабылдайтын уақыт келгенін атап өтті.
«Ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға қолдануды тыю жөніндегі халықаралық келісім мен БҰҰ реестрін әзірлеген жөн», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті 1968 жылы қол қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өз мақсатын орындап отырмағанын, ал жаһандық ойыншылар арасындағы сенім дағдарысы ядролық қару қолдануды болдырмау кепілдігінің әлсіреуіне әкеле жатқанын айтты.
«Әлем әлдеқайда қауіпті әрі болжаусыз жаңа ядролық ғасырға қарай жылжып келеді. 60 жылдан астам уақыт бұрын әйгілі ғалымдар А.Эйнштейн мен Б.Рассел манифест жариялап, «Адам ұрпағы жойыла ма әлде адамзат соғыстан бас тарта ма?» деген маңызды сауал қойды. Соғысты жою адамзат өркениетінің ең күрделі міндеті болып отыр. Бірақ одан басқа жол жоқ», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы бұл мақсатқа жету үшін әлем дамуының парадигмасында сапалы да терең өзгерістер жасау, әлемнің барлық көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен барлық мемлекеттің күшін жұмылдыру қажеттігіне сенімді екенін айтты. Мемлекет басшысы еліміз ядролық қарусыздану және ядролық қару таратпау саласында күш-жігер жұмсауын табанды түрде жалғастыра беретінін айтты
«Болашақ туралы ойлаған кезде мен бұрынғы КСРО-дан бізге мұра боп қалған ең соңғы ядролық заряд Қазақстан аумағынан әкетілген тарихи датаны – 1995 жылғы 24 сәуірді жиі еске аламын. Екі жүз жыл бұрын АҚШ Президенті Авраам Линкольн: «Жауапкершіліктен бүгін жалтару арқылы одан ертең де құтыла алмайсың» деген екен. Ондаған жылдар бойы жер тітіреткен жарылыстардан жапа шеккен халқымның мұң-зарын сезініп, қолдауына сүйенген мен ядролық қарудан ада әлем туралы арманға риясыз сенемін», - деп аяқтады сөзін Қазақстан президенті.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине
ru Почему Казахстан не стал платить миллиард долларов за вступление в
ru В 2025 году казахстанцам выплачено пенсий на сумму 4 трлн
ru В Карагандинской области расширяют систему распознавания лиц для розыска преступников
ru Бухту Бертыс на озере Балхаш очистили от 6 километров браконьерских
ru Тепличный комплекс стоимостью 69 млрд тенге построит Fabe Polska в
ru В борьбе со снегом в Астане задействовано более 1300 единиц
ru Нелегалы-казахстанцы могут добровольно покинуть Южную Корею до конца февраля
ru Предстоящие конституционные реформы в Казахстане получили высокую оценку Председателя Парламентской
ru Более трех миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала
ru Казахстан наращивает экспорт продукции глубокой переработки пшеницы
ru В Национальной гвардии представили новую социальную льготу
ru Спасатели оказали помощь туристу в Алматинской области
ru Столичные спасатели при пожаре в столичном ЖК эвакуировали 30 человек
ru Профилактическую работу с водителями автобусов провели полицейские в Талдыкоргане
ru Более 608 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru Нацбанк выпустил коллекционную монету Zn из серии «Недра Казахстана»
ru Перевалка зерна через Ак Бидай-Терминал увеличилась на 72%
ru Токаев совершит рабочую поезду в Давос
ru Более 12 тыс. актуальных навыков доступно в Цифровом банке навыков
ru В Астане студенты и школьники объединились для производства парфюма
ru За ночь из Астаны вывезли более 23 тысяч кубометров снега
ru Казахстан переходит к системному управлению несырьевым экспортом
ru Казахстан и США обсудили перспективы сотрудничества в агропромышленном комплексе
ru Отходы превращаются в доходы: как жители страны могут зарабатывать, не

+77772555856
Написать нам





01 Апреля 2016
1192