• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Эпидахуал жөніндегі кеңесте Президент қандай тапсырмалар берді

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 19 шілде. Ақпараттар орталығы -Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде Үкімет пен министрліктерге, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті әкімдерге бірқатар тапсырма жүктеді. Тағы бір айта кететін жайт, Мемлекет басшысы халықты вакциналау ісінде мәжбүрлеу шаралары қолданылмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш кеңесте айтылған Президент тапсырмаларыАқорданың Twitter-дегі парақшасына жарияланды.

1. Эпидахуалды жақсартудың жұмыс жоспарын дайындау және іске асыру Кеңесте Мемлекет басшысы, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың ушығып тұрғанына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, күн сайын елімізде 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Оның үстіне аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Қасым-Жомарт Тоқаев әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі екеніне назар аударды. Осының бәрн сараптай келіп, Президент эпидахуалды жақсартудың жұмыс жоспарын дайындауды және оны міндетті түрде іске асыруды тапсырды. «Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы.

2. Вакциналау бойынша көшпелі әдістемелік бригадалар құрылады Қасым-Жомарт Тоқаев республика бойынша 2,8 млн адамның имундаудың толық курсынан өткенін, вакциналаудың жалпы қарқыны жақсы болғанымен, өңірлердегі көрсеткіш әркелкі екенін атады. Кеңес барысында Президент вакцинациямен аз қамтылған өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі бригадаларды шұғыл ұйымдастыруды тапсырды. «Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы «үшке» тапсырады», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев халықты иммундау ісінде әр аймақтың ерекшелігін, ондағы «температураны» ескерудің маңызы зор екенін ескертті.

3. «Вакциналауда мәжбүрлеу шараларына бармаймыз» Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бюджет ақшасына әкелінген дайын вакцинаны дұрыс сақтай алмай отырған өңірлерді сынады. Соның салдарынан кей жағдайларда вакцинаның індетке қарсы тиімділігіне нұқсан келген. Президент вакцина алғысы келмейтін адамдармен түсіндіру жұмыстарында әртүрлі тәсілді қолдану қажеттігін жеткізіп, бұл істе мәжбүрлеу болмайтынын баса айтты. «Батыстың кейбір дамыған елдері сендіру әдістерінен мәжбүрлеу шараларына ауысуда. Ірі еңбек ұжымдарының қызметімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда, біз мұндай қадамға бармаймыз. Өйткені «қыңыр» антиваксерлердің шағын тобы кесірінен өз еңбегімен отбасыларының әл-ауқатын қамтамасыз етіп жүрген азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз», - деді ол.

4. Вакцинация паспортын қолдан жасағандар қатаң жазаланады Иммундау процесін жалған паспорттар тежеп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде осылай мәлім етті. «Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтердім. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

5. Құрбан айт қарсаңында инфекциялық қауіпсіздік барынша қамтамасыз етіледі «Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек. Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

 6. Эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, медициналық көмектің барлық түрі қолжетімді әрі сапалы болуы керек Мемлекет басшысы медициналық мекемелердегі төсектерді COVID-19 инфекциясына бейімдеудің әсерінен жоспарлы оталарды жүргізуге кететін қымбат уақыт ұрланып жатқанын айтты. «Салдарынан асқынған патологиясы бар пациенттердің саны артып, өлім-жітім көбейеді. Пандемия жағдайында медициналық көмектің барлық бағыттары бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Ұлттық вакциналау күнтізбесі аясында екпені уақтылы жасау өте маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 7. Үкімет QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауы керек Ресейлік «Спутник лайт» вакцинасын Қазақстанға жеткізу және шығару мәселесін пысықтау қажет. Кеңесте Мемлекет басшысы осындай да тапсырма берді. «Екі жақты уағдаластықтар шеңберінде QazVac-ты үшінші елдер нарығына ілгерілету жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың маңызы зор. Үкіметтен осы мәселені ерекше бақылауға алып, нәтижелері туралы бір ай мерзімде баяндауды сұраймын», - деген Президент вакцинация мәселесінде отандық бизнестің қолдауы өте маңызды екенін атады.

8. «Ashyq» жүйесіндегі карантин талаптарын бұзушыларға қойылатын талап күшейтіледі

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ashyq жүйесіне енгізудегі кедергілерді сынап, ондағы карантинді бұзушыларға қойылатын талаптарды күшейтуді тапсырды. «Шамасы, мұндай жауапсыз адамдар айыппұлдан қорықпайды, өйткені ешкім айыппұл салып отырған жоқ. Ал ЖСН мен иммундық мәртебе жүйеде тіркеліп жатыр ғой. Мұндай жауапсыздық жазалануы керек. Карантиндік шектеулерді сақтамағаны үшін талаптарды қатаңдатуды тапсырамын», - деді Президент.

Жиынды қорытындылаған Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың жаңа толқыны бұрынғыларынан да жойқын болып тұрғанын айтып, қазақстандықтарды өз денсаулықтарына бейжай қарамауға үндеді.

«Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

 

Источник: ҚазАқпарат

ru В Исламабаде обсудили итоги 8-го Съезда лидеров мировых и традиционных

ru МВД усилило контроль за законным оборотом прекурсоров

ru АФМ в Астане расследует хищения при продаже недвижимости в ЖК

ru В Павлодаре 19 должностных лиц привлечены к административной ответственности за

ru Увеличится количество мест отдыха в Кызылординской области

ru Более 246 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС с начала

ru Профилактика бытового насилия: в Астане прошел особенный челлендж

ru ИИ могут начать применять при определении степени инвалидности

ru Казахстанские ученые стали авторами мирового научного открытия

ru ВАП завершила аудит АО «Самрук-Қазына»

ru Денежные переводы в сфере наркооборота: МВД выявило 10 дропперов

ru Касым-Жомарт Токаев: «В новом однопалатном Парламенте не будет президентской квоты»

ru Более 208 тыс. казахстанцев получают специальное государственное пособие

ru В Алматы готовят масштабную реконструкцию зоопарка

ru Иностранные туристы все чаще выбирают Алматинскую область для отдыха

ru Рекордный год для Алматинской области в сфере туризма

ru АПК Алматинской области наращивает экспортный потенциал

ru Алматинская область: климат - инвестиционно-привлекательный

ru Почти 227 тыс. тонн казахстанской чечевицы экспортировано в Турцию

ru МВД: Пресечены каналы хищения и контрабанды нефтепродуктов

ru В Алматы сносят крупный незаконный объект

ru Полиция усиливает меры против насилия в семье и обществе в

ru СКО подписала меморандумы о сотрудничестве с крупными китайскими компаниями

ru Столичный врач обратился к родителям в связи с периодом ОРВИ

ru В Алматы зафиксируют цены на мясо кур и сахар

ru Минтруда планирует установить региональную квоту приема кандасов и переселенцев на

ru Новый морской порт за $300 млн планируют построить в Актау

ru Генеральная прокуратура предупредила владельцев iPhone об угрозе

ru Глава государства наградил Президента Туркменистана орденом «Алтын Қыран»

ru Президенты Казахстана и Туркменистана провели переговоры