Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий
Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине
В борьбе со снегом в Астане задействовано более 1300 единиц спецтехники
Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және оның қорытындысына арналған бірлескен баспасөз мәслихатына қатысты
Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Серж Саргсян және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.
Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты 2015 жылдан бастап іске қосу және оның шетелдік серіктестермен өзара ықпалдастығы мәселелерін қарастырды.
Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО органдарының қызметін регламенттеуге, Одақ Соты мен Комиссиясын құруға және оның жұмысына, сондай-ақ Т.Мансұровты Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі aлқасының мүшесі (министр) етіп тағайындауға байланысты бірқатар шешімдерге қол қойды.
Сонымен қатар, президенттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстан Республикасының қосылуы туралы шартқа қол қойды.
Қазақстан Президенті отырыс қорытындысы арналған баспасөз мәслихатындағы сөзінде 2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде кіретініне тоқталды.
– Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Еуразияның ұланғайыр кеңістігінде тұңғыш рет ерікті, теңқұқылы және өзара тиімді негізде қуатты табиғи және ресурстық әлеуеті, жаһандық және өңірлік ауқымда стратегиялық маңызды көлік, энергетика және технологиялық жүйесі бар экономикалық бірлестік құрылады, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз ХХІ ғасыртың сын-қатерлеріне жауап бере отырып, экономикалық әлеуетті біріктіргенін атап көрсетті.
– Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен қарапайым адамдар мен олардың мүдделері үшін құрылды. Балтықтан Тынық мұхитына дейінгі, Арктикадан Тянь-Шаньға дейінгі орасан кеңістікте Одаққа мүше мемлекеттердің 180 миллионға жуық азаматтары бизнес жүргізуге, еркін сауда мен жұмыспен қамтылуға, коммуникацияларды пайдалануға, өңіраралық ынтымақтастық пен өзара гуманитарлық ықпалдастықты кеңейтуге тең мүмкіндіктер алады. Берік экономикалық іргетас құру арқылы біз елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достықты, тату көршілік пен сенімді нығайтамыз, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қатысушы елдер бүгінде татулықтың, келісімнің, өзара пайда мен қолдаудың ұзақмерзімді бағытын таңдағанына назар аударды.
– Экономикалық тұрғыдан ықпалдаса отырып, біз саяси егемендіктің, мәдени тәуелсіздіктің және халықтарымыздың тілдік бірегейлігінің мызғымас қағидаттарын нығайтамыз. Сонымен бірге, әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық, санкциялық саясат, әлемнің жетекші державалары арасындағы сенімнің әлсіреуі, саяси ахуалдың ушығу қаупі Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу үдерісіне ықпал ететін болады. Біз бұл сын-қатерлердің бәрін ескереміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті еуразиялық экономикалық ықпалдастық идеясын жүзеге асыруға атсалысқандардың барлығына ризашылығын білдірді.
– Біздің одақ құруға бастаған жолымыз екі онжылдықққа созылды. Ол менің 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген кезімде ұсынылған идеядан нақты іс жүзіндегі шешімге айналды. Әрбір еліміздің ұлттық мүдделелері, экономикалық мүмкіндіктері ескерілген барлық қажетті мемлекетаралық құжаттарды дайындау үшін орасан жұмыс атқарылды. Мұның ар жағында сарапшылардың, саясаткерлердің, депутаттардың, бизнес пен мемлекеттеріміздің жұртшылық өкілдерінің зор еңбегі тұр, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО қызметінің шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.
– Біз ықпалдастығымыз өзге мемлекеттер үшін экономикалық серіктестіктің тартымды үлгісіне айналып, ЕАЭО-қатысушылар саны ұлғаюы үшін бәрін жасауға тиіспіз. Біздің экономикалық одақ – әлемнің барлық ықпалдастық бірлестіктерімен, соның ішінде Еуропалық одақпен де өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық ұйым. Елдеріміздің барша азаматтарын Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен құттықтаймын, — деді Қазақстан Президенті.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру
ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом
ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов
ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий
ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине
ru Почему Казахстан не стал платить миллиард долларов за вступление в
ru В 2025 году казахстанцам выплачено пенсий на сумму 4 трлн
ru В Карагандинской области расширяют систему распознавания лиц для розыска преступников
ru Бухту Бертыс на озере Балхаш очистили от 6 километров браконьерских
ru Тепличный комплекс стоимостью 69 млрд тенге построит Fabe Polska в
ru В борьбе со снегом в Астане задействовано более 1300 единиц
ru Нелегалы-казахстанцы могут добровольно покинуть Южную Корею до конца февраля
ru Предстоящие конституционные реформы в Казахстане получили высокую оценку Председателя Парламентской
ru Более трех миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала
ru Казахстан наращивает экспорт продукции глубокой переработки пшеницы
ru В Национальной гвардии представили новую социальную льготу
ru Спасатели оказали помощь туристу в Алматинской области
ru Столичные спасатели при пожаре в столичном ЖК эвакуировали 30 человек
ru Профилактическую работу с водителями автобусов провели полицейские в Талдыкоргане
ru Более 608 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru Нацбанк выпустил коллекционную монету Zn из серии «Недра Казахстана»
ru Перевалка зерна через Ак Бидай-Терминал увеличилась на 72%

+77772555856
Написать нам





23 Декабря 2014
939