Жер мәселесін шешуге құрылған комиссияның алғашқы отырысы қызу температурамен өтті
Белсенділер, билік өкілдері мен шаруалар таңертеңгі оннан кешкі беске дейін құжаттың оң-солын талқылады.
Тіпті түскі асқа да бармады. Комиссия мүшелігіндегі келмегені, сөз алудан бас тартқандарын қоспағанда 63 адам өз ойын айтты. Вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жиын соңында президент мораторий жариялаған төрт бапты комиссия ішінен құрылған төрт жұмыс тобы екшелейтінін жеткізді. Комиссиядағы 75 адам енді әр сенбі сайын бас қосып тұрмақ. Жер мәселесіне қатысты жеті сағаттық отырысты Әлия Әшім де тапжылмай қадағалап қайтқан еді.
Қоғамдық комиссия жұмысын регламентті анықтау, процедураны нақтылаудан бастады. Ресми билік пен билікке жақын тұлғалардың көптігін, бей ресми тұлғалардың аздығын ескерген экс-сенатор дауыс берумен емес, қарапайым мәмілемен ғана ортақ пікірге тоқтауды ұсынды. Сол кезде халықтың адамы кім екенін анықтау басталып кетті.
ЗӘУРЕШ БАТТАЛОВА, Саясаткер:
- Настаиваю на консенсусное решение. А иначе кто против останутся при своем мнение. Но за нами стоят люди. Мы несможем им обяснить, и будем вынуждены вместе с ними оппонировать.
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Басқа елдің де артында халық тұр. Сіз олай қарама қайсы қоймаңыз. 75 адамның артында адам тұр.
МҰХТАР ШАХАНОВ, Ақын:
- Кешіріңіздер, сіздердің көпшіліктеріңіз биліктің атынансыздар, ал халық ол басқа.
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАНОВ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Билік пен халық деп қарсы бөлуді қойыңыздар. Бәріміздің жанымыз ауырады жер дегенде.
Алғашында қызу басталған талқылау температурасын төрағаның өзі басты. Комиссия құрамындағы 75 адам, қатысқан 70-тің барлығына сөз берді. Соңына дейін тыңдады. Әркімнің өз аргументі бар.
МАҚСАТ НҰРЫПБАЙ, "Алаш жолы" қозғалысының өкілі:
Жердің шетелдіктерге, қазақстандықтарға да сатылмауын, шетелдіктерге жалға берілмеуін талап етіп отыр. Себебі жердің шетелдіктерге өтіп кетуінің заңды да заңсыз да жолдары көп.
МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- 6 жыл бойы барлық шетелдіктерге Қазақстаннан 99 жыл мерзімге жалға жер алуға мүмкіндік болған, заңда. Бірақ, қазақтың жерін ешкім талап алып кеткен жоқ.
Ал агроөнеркәсіпте жүргендер жер иесін тауып, шетелдіктерге жалға берілуі керек деп қана қоймай, биліктің отырғанын пайдаланып, өз базыналарын айтып қалды.
ТЕМІРХАН ДОСМҰХАМЕДОВ, "Бәйсерке-Агро" холдингінің жетекшісі:
- 5 мың гектар жерім бар, бірақ 50 мың гектар жері бар шаруалардың пайдасын табамын. Неліктен? Себебі жаңа техника, мықты кадр, инвестиция бар. Шаруаларға көмектесу керек, жекеге жер өтуі тиіс.
Ал Досаевтың орнына келген министр Бишімбаевтың айтуынша, 1,7 млн гектар жер жеке адам қолына берілсе, 50 миллиард теңгелік табысты шаруалар 5-ақ жылда көреді. Онымен қоса 26 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады. Бірақ Мырзатай Жолдасбеков жердің әділ бөлінетініне күмәнді.
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ, Мемлекет және қоғам қайраткері:
- Мен білем менің бір жақындарым бар, қолында билік бар тәуірлер суармалы жерді, жол-қатынас бар жерге қарапайым халықты жолатпайды.
Сонымен қоса, осы уақытқа дейін жер кімге берілді, қай шендіде қанша аумақ бар, барлығын ашық порталға жариялау керек. Сондай-ақ шетелдіктердің үлесі бар ешбір компанияға жерді татырмау керек, шекаралас елдерге де телім таратудың қажеті жоқ деген ұсыныстар айтылды. Ал депутат Тілеухан елді сабырға шақырды.
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Жер - Ана, ананы жалға бермеймін» деген сөз шықты. Ол - дұрыс емес. Онда жердің үстіне дәрет сындырып жүргеніміз қалай? Жерім деп айқайлай бермейік, елдің шаңырағын шайқап алмайық.
Енді апта сайын бас қосып отыратын комиссия жеті сағат отырмаса да, төрт топқа бөлініп реформаны жіліктемекші.
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Мектепке тапсырма алған құсап, бір тақырыпты алып дайындалып келіп талқылаймыз. Кейін соның бәрін алып халыққа түсіндіруге шығамыз.
Келесі жиынға «Алаш жолы» ұйымы қатыспайтыны белгілі болды. Жиылғандарға сенімсіздікпен қараймыз деген топ комиссия құрамынан шығыпты. Отырыс басталмай тұрып Макс Боқаев комиссиядан бас тартқан еді. Алайда вице-премьер халықтың наразылығына еш себеп жоқ, комиссия ортақ мәмілеге келеді деп отыр.
фото: ratel.kz
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Полиция раскрыла кражу 80 скота на 25 млн тенге в
ru Более 207 тыс. казахстанцев получили специальное государственное пособие в 2025
ru Завод по производству желатина и коллагена построят в Алматы
ru Актюбинская область усиливает инвестиционный диалог с Китаем
ru Костанайские спасатели ликвидировали пожар по повышенному рангу
ru В Алматы проведена уникальная операция на сердце беременной женщине
ru Почему Казахстан не стал платить миллиард долларов за вступление в
ru В 2025 году казахстанцам выплачено пенсий на сумму 4 трлн
ru В Карагандинской области расширяют систему распознавания лиц для розыска преступников
ru Бухту Бертыс на озере Балхаш очистили от 6 километров браконьерских
ru Тепличный комплекс стоимостью 69 млрд тенге построит Fabe Polska в
ru В борьбе со снегом в Астане задействовано более 1300 единиц
ru Нелегалы-казахстанцы могут добровольно покинуть Южную Корею до конца февраля
ru Предстоящие конституционные реформы в Казахстане получили высокую оценку Председателя Парламентской
ru Более трех миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала
ru Казахстан наращивает экспорт продукции глубокой переработки пшеницы
ru В Национальной гвардии представили новую социальную льготу
ru Спасатели оказали помощь туристу в Алматинской области
ru Столичные спасатели при пожаре в столичном ЖК эвакуировали 30 человек
ru Профилактическую работу с водителями автобусов провели полицейские в Талдыкоргане
ru Более 608 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru Нацбанк выпустил коллекционную монету Zn из серии «Недра Казахстана»
ru Перевалка зерна через Ак Бидай-Терминал увеличилась на 72%
ru Токаев совершит рабочую поезду в Давос
ru Более 12 тыс. актуальных навыков доступно в Цифровом банке навыков
ru В Астане студенты и школьники объединились для производства парфюма
ru За ночь из Астаны вывезли более 23 тысяч кубометров снега
ru Казахстан переходит к системному управлению несырьевым экспортом
ru Казахстан и США обсудили перспективы сотрудничества в агропромышленном комплексе
ru Отходы превращаются в доходы: как жители страны могут зарабатывать, не

+77772555856
Написать нам





17 Мая 2016
1618