• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Жеңіс Қасымбек: «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы 90% аяқталды

Фото:saryarqanews.kz

Алматы. 28 мамыр. Ақпараттар орталығы - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туризмді дамытуға ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлытауға сапар барысында фермерлермен кездесіп, субсидия мәселесін талқыладық. Бірқатар мәселелерді Ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейінде шешу қажет. Алдағы күндері тағы да Қарағандыда кездесуге уағдаластық. Аудан орталығында төрт көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңдарында болдым. Құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүргізілуде. Тұрғын үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін болады. Сондай-ақ аудандық орталық аурухана үшін жаңа ғимаратты салу жоспарлануда. Қазір дәрігерлер бейімделген бұрынғы балабақша ғимаратында жұмыс істеп жатыр. Нысанның құрылысына жер телімі бөлініп, ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаны қаржыландыру мәселесі шешілетін болады. Өздеріңіз білетіндей, облыста ауылдық жерлерде 32 фельдшерлік-акушерлік пунктті салу жоспарланған. Оның алтауы Ұлытау ауданының ауылдарында ашылады. Сондай-ақ, туристік әлеуетті дамыту үшін ҚР мәдениет, туризм және спорт министрлігі салған Сапар орталығына бардым. Нысанда асхана, мәжіліс залы, қонақ үй орналасқан. Жалпы, орталық бір уақытта 200 адамды қабылдай алады. Сонымен қатар, «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс алаңында болдық. Мұндағы жұмыстар 90% орындалды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу, ауланы абаттандыру, көгалдандыру және инженерлік сыртқы желілерді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тамызда аяқталады»,-дейді облыс әкімі. Кешен Алтын Орда дәуірін зерттеуге арналған ғылыми орталық қана емес, сонымен қатар Ұлытаудың киелі орындарын, этно-ауыл, Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық және тарихи-өндірістік мұражайларын байланыстыратын бірегей туристік маршруттың бір бөлігіне айналады. «Қарсақбай кентінде агротехникалық колледжді жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, Жұмыспен қамту-2021 жол картасы бойынша салынып жатқан 100 орындық Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болдым. Күзге қарай спорт кешенін пайдалануға беруді тапсырдым»,-деп жазды Жеңіс Қасымбек.



Источник: ҚазАқпарат

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области