Денежные переводы в сфере наркооборота: МВД выявило 10 дропперов
В Алматы готовят масштабную реконструкцию зоопарка
Столичный врач обратился к родителям в связи с периодом ОРВИ
Генеральная прокуратура предупредила владельцев iPhone об угрозе
Около 40 фактов нарушений миграционного законодательства выявлено в столице за два дня
ДДС Ассамблеясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған құжатты мақұлдады
16 Ноября 2020
913
Социум
Алматы. 16 қараша. Ақпараттар орталығы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен әзірленген құжатты мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылғы 12 қарашада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы – ДДСҰ-ның жоғары басқарушы органы – 2018 жылғы МСАК (Алғашқы медициналық-санитарлық көмек) жөніндегі Астана декларациясының ережелерін іске асыруға арналған «алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын» мақұлдады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жұмыс істеу механизмі» құжаты қабылданды, оны 194 мемлекет қолдады. Ол ДДСҰ-ның МСАК жөніндегі Еуропалық бюросының штаб-пәтерінде қазақстандық тараптың қатысуымен бірлесе әзірленген. ДДСҰ өкілдері атап өткендей, Қазақстан кезекті рет алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді оңтайландыру бағытында әлем елдері алдында көш бастады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің түпкі мақсаты – азаматтардың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесін нығайту. Қазір коронавирус пандемиясы әлемді шарпыған кезде бұл өте маңызды. ДДСҰ Қазақстанмен бірге осы мақсатқа жетудің бес тетігін анықтады. Ол: - денсаулық сақтау саласындағы оқшаулау мен әлеуметтік теңсіздікті азайту (жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізу реформалары); - адамдардың қажеттіліктеріне бағдарланған денсаулық сақтау қызметтерін ұйымдастыру (қызметтерді жеткізу саласындағы реформалар); - Денсаулық аспектілерін барлық секторларға біріктіру (қоғамдық саясат реформалары); - ынтымақтастық модельдеріне сәйкес саяси диалог жүргізу (көшбасшылық қызметтегі реформалар); - мүдделі тараптардың қатысуын кеңейту. Министрлік таратқан ақпаратқа қарағанда, 2018 жылдан бастап МСАК туралы Астана декларациясы әлем елдерінің осыдан қырық жыл бұрын қабылданған МСАК жөніндегі тарихи Алматы декларациясының принциптерін басшылыққа алып келгенін тағы бір дәлелдеді. Сонымен бірге, елдердің қазіргі проблемаларды шешудегі бірлескен күш-жігерін үйлестіруде және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек операцияларының негіздері сияқты техникалық нұсқаулықтарды әзірлеуде ДДСҰ жаһандық саясатты жіті бақылап келеді.
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов өз баяндамасында ДДСҰ-ға мүше мемлекеттерді ағымдағы жылдың қараша айының соңында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жедел механизмін іске асыруға арналған іс-шараға қатысуға шақырды. Шараға қатысу денсаулық сақтау жүйесін нығайту құралдарын енгізуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол мемлекеттер арасында МСАК бойынша күш-жігерді біріктіру және одан әрі нығайту үшін арнайы құрылған топқа қосылуға ұсыныс білдірді. Елдердің 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарында айтылған «денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету, ешкімді назардан тыс қалдырмау» принципі коронавирус пандемиясы кезінде ерекше өзекті болып табылады.
Дәл осы МСАК денсаулық сақтау жүйесіндегі басты процесс болып табылады. Ол өзінің қолжетімділігі мен үздіксіз, жоғары сапалы медициналық көмек көрсетумен, пациент пен медициналық қызметкер арасындағы алғашқы байланыс орындарында көрсетілуімен және барлық жастағы науқастардың қажеттілігіне бағытталуымен маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының COVID-19 пандемиясына байланысты алғаш рет виртуалды форматта шақырылған 73-ші сессиясы 2020 жылдың 18-19 мамырында қысқартылған режимде өтті. Оның жұмысы 2010 жылдың 9 қарашасында басталып, 14 қарашада аяқталады.
ru В Исламабаде обсудили итоги 8-го Съезда лидеров мировых и традиционных
ru МВД усилило контроль за законным оборотом прекурсоров
ru АФМ в Астане расследует хищения при продаже недвижимости в ЖК
ru В Павлодаре 19 должностных лиц привлечены к административной ответственности за
ru Увеличится количество мест отдыха в Кызылординской области
ru Более 246 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС с начала
ru Профилактика бытового насилия: в Астане прошел особенный челлендж
ru ИИ могут начать применять при определении степени инвалидности
ru Казахстанские ученые стали авторами мирового научного открытия
ru ВАП завершила аудит АО «Самрук-Қазына»
ru Денежные переводы в сфере наркооборота: МВД выявило 10 дропперов
ru Касым-Жомарт Токаев: «В новом однопалатном Парламенте не будет президентской квоты»
ru Более 208 тыс. казахстанцев получают специальное государственное пособие
ru В Алматы готовят масштабную реконструкцию зоопарка
ru Иностранные туристы все чаще выбирают Алматинскую область для отдыха
ru Рекордный год для Алматинской области в сфере туризма
ru АПК Алматинской области наращивает экспортный потенциал
ru Алматинская область: климат - инвестиционно-привлекательный
ru Почти 227 тыс. тонн казахстанской чечевицы экспортировано в Турцию
ru МВД: Пресечены каналы хищения и контрабанды нефтепродуктов
ru В Алматы сносят крупный незаконный объект
ru Полиция усиливает меры против насилия в семье и обществе в
ru СКО подписала меморандумы о сотрудничестве с крупными китайскими компаниями
ru Столичный врач обратился к родителям в связи с периодом ОРВИ
ru В Алматы зафиксируют цены на мясо кур и сахар
ru Минтруда планирует установить региональную квоту приема кандасов и переселенцев на
ru Новый морской порт за $300 млн планируют построить в Актау
ru Генеральная прокуратура предупредила владельцев iPhone об угрозе
ru Глава государства наградил Президента Туркменистана орденом «Алтын Қыран»

+77772555856
Написать нам




