Баспана құны әлеуметтік сипатта болуға тиіс – Назарбаев
11 Февраля 2016
1968
БаспанаҚұны,
Назарбаев,
НұрлыЖол
Алматы. 11 ақпан. Ақпараттар орталығы. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылып жатқан баспана құны әлеуметтік сипатта болуға тиіс, деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
Президент саланың одан әрі дамуына қолдау жасау үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыруға жоспарланған қаражатты 2016 жылға ауыстыру есебінен 360 миллиард теңге бөлу жөнінде тапсырма берілгенін айтты.
Хабарда түсіндірілгендей, осы қаражаттың 53 миллиард теңгесі «Бәйтерек» холдингі желісі арқылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыруға, 149 миллиард теңгесі несиелік тұрғын үй құрылысына, соның ішінде 22 миллиард теңге салымшыларды жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиелеуге бағытталады.
Сонымен қатар, жекеменшік құрылыс компанияларын қолдау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы қайтарымды негізде 97 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ретте құрылысшыларға қойылатын талаптар бірлесіп қаржыландыруды, жері мен жобалық-сметалық құжаттарының, жүзеге асыру ісінің бекітілген бағасының болуын қамтуы тиіс екендігі атап өтілді.
Хабарда айтылғандай, мемлекет басшысы жаппай тұрғын үй салынатын жаңа аудандарға инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктер арқылы 61 миллиард теңге бөлінетінін айтты.
«Бұл жұмыстардың жауапкершілігі осы қызмет жүргізілетін өңірдің әкімдеріне тікелей жүктеледі. Баспана құны әлеуметтік сипатта болуға тиіс екендігіне айрықша назар аударғым келеді», — деді Н. Назарбаев.
Қазақстан Президенті бұл шаралар 2016 жылы қосымша 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге және ІЖӨ өсіміне үлес қосуға мүмкіндік беретінін айтты.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

+77772555856
Написать нам




